02.10.2015, 16:01 4139

Мемлекеттік хатшы: Біз қазіргі кезде қиындыққа душар болған сириялық халыққа көмек көрсетуге дайынбыз

Г.Ибдіхалықованыӊ айтуынша, әлемді апат пен қауіп-қатерден арылту үшін Қазақстан көшбасшысы БҰҰ 100 жылдығына орай "Жаһандық стратегиялық бастама-2045 жоспарын" дайындауды ұсынды.

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Біз қазіргі кезде қиындыққа душар болған сириялық халыққа көмек көрсетуге дайынбыз, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Ибдіхалықова Астанадағы сириялық оппозиция келіссөздерініӊ екінші раунды барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі кезде Сириядағы гуманитарлық апат әлемдегі еӊ ірі дағдарыстардыӊ бірі болып отырғаны баршамызға мәлім. Бұл өӊірік проблемаға айналды. Біздіӊ ел дағдарыс кешіп отырған елге көмек ретінде өз үлесін қосты. Біз қазіргі кезде қиындыққа душар болған сириялық халыққа көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Мемлекеттік хатшы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Г.Ибдіхалықованыӊ айтуынша, әлемді апат пен қауіп-қатерден арылту үшін Қазақстан көшбасшысы БҰҰ 100 жылдығына орай "Жаһандық стратегиялық бастама-2045 жоспарын" дайындауды ұсынды.

"Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ХXI ғасырда адамзаттыӊ еӊ басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оныӊ себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды.Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау жөнінде бастама жасалды", - деді Г.Ибдіхалықова.

Айта кетейік, бүгін астаналық алаӊда сириялық дағдарыс өкілдері келіссөздерініӊ екінші раунды өтіп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны