17.06.2015, 13:15 3185

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Ибдіқалықова денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерімен кездесті

Кездесуге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.Қайырбекова, медицина саласындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер басшылары, ауыл дәрігерлері, жаӊашыл медиктер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және санитарлық авиация дәрігерлері, фармация мамандары қатысты

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - Кездесуге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.Қайырбекова, медицина саласындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер басшылары, ауыл дәрігерлері, жаӊашыл медиктер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және санитарлық авиация дәрігерлері, фармация мамандары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына, соныӊ ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге, өӊірлік ғылыми мамандандырылған медициналық ұйымдар мен ауылдық медициналық мекемелер жұмысына байланысты және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Г.Ибдіқалықова өз құттықтау сөзінде ұлт денсаулығы мемлекеттік саясаттыӊ маӊызды басымдығыныӊ бірі болып табылатынын атап өтті.

Қазақстанныӊ әлеуметтік-экономикалық табысты дамуы және 2050 жылға қарай әлемніӊ еӊ дамыған озық 30 елі қатарына қосылуы денсаулық сақтау саласын жаӊғыртумен тікелей байланысты.

Биылғы жылы "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталатыны белгілі. Осы жылдар ішінде Денсаулық сақтаудыӊ бірыӊғай ұлттық жүйесі құрылды. Ол медициналық мекемені таӊдау еркіндігі, медициналық көмек көрсету шараларыныӊ ашықтығы, медициналық қызмет көрсету ісінде бәсекелестік орта қалыптастыру, медициналық қызмет көрсетудіӊ көлемі мен сапасына қарай ақырғы нәтижеге сәйкес қаржыландыру қағидаттарына негізделген.

Мемлекет басшысы 2014 жылы Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты жолдауында атап өткендей, тек "салауатты өмір салтын орнықтыру және медицинаны дамыту ғана қазақстандықтардыӊ өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік туғызады".

Соӊғы 5 жылда қазақстандықтардыӊ өмір жасыныӊ ұзаруы отандық медицинада қол жеткізілген табыстыӊ айғағы болып отыр. Өмір жасыныӊ ұзақтығы 3 жылға артып, 2014 жылы 71,6 жасты құрады. 2010 жылмен салыстырғанда ана өлімі 2 есе, бала өлімі 1,7 есе азайды. Қазақстан 2011 жылы Мыӊжылдық дамудыӊ төртінші және бесінші мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізді.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы құзырлы мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Кездесу соӊында Г.Ибдіқалықова медицина қызметкерлерін алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық және ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны