19.06.2015, 18:24 3859

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен ҚР Президентініӊ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2015 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияныӊ отырысы өтті

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Отырысқа Комиссия мүшелері - республикалық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ, шығармашылық одақтардыӊ, журналистер қоғамдық бірлестіктері мен мүдделі мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы маӊызды рөліне тоқталып өтті және БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекелері - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Қазақстанныӊ бұқаралық ақпарат құралдары өз қызметі арқылы ортақ қазақстандық біртектілікті қалыптастырады, патриотизмді нығайтады және қоғамды ұйыстыра түседі. Елде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалар мен Мемлекет басшысы "Қазақстан-2050" Стратегиясында және "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты халыққа Жолдауында ұсынған ауқымды экономикалық жоспарларды жүзеге асыру аясында бұл айрықша маӊызды, - деп атап көрсетті Қоғамдық комиссия төрайымы Г.Ибдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы бүгінде елдіӊ алдына тұрған саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты орындау көп жағдайда қоғамныӊ әлеуметтік белсенділігіне байланысты екенін, ал оған ықпал етуде отандық БАҚ маӊызды рөл атқаратынын айтты.

- Мемлекет талантты журналистерге және батыл ақпараттық жобаларды жүзеге асыру ісіне жан-жақты қолдау көрсетеді. Осындай қолдаудыӊ маӊызды бір тетігі жыл сайын Қазақстан Президентініӊ БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау болып саналады, - деді қоғамдық комиссия төрайымы.

Биыл қоғамдық комиссияныӊ қарауына 81 ұсыным берілді, атап айтқанда, оныӊ 64-і журналистерге, 17-сі шығармашылық ұжымдарға қатысты. Бұл ретте 29 ұсыным баспасөзден, 44 ұсыным электрондық БАҚ-тан, 8 ұсыным белгілі бір БАҚ атынан ұсынылмаған жеке үміткерлерден келіп түсті.

Қоғамдық комиссия отырысы барысында журналистердіӊ материалдарыныӊ деӊгейініӊ жоғарылығы, сондай-ақ баспасөздіӊ Қазақстан дамуыныӊ маӊызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін жариялап-көрсетудегі үлесі атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша, БАҚ саласындағы президенттік марапаттарды тағайындау ережесіне сәйкес, қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ екі өкіліне сыйлық беру, екеуіне грант тапсыру және төрт шығармашылық ұжымға Президент Алғысын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным жасауға бірауыздан қаулы қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны