09.11.2016, 18:19 6706

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құқық қорғау органдарына түсудіӊ жаӊа тәртібін таныстырды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" аясында мемлекеттік орган қызметіндегі басым бағытты жүзеге асыру барысы туралы түсіндіру мақсатындағы брифингтер сериясы өткізілуде.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" аясында мемлекеттік орган қызметіндегі басым бағытты жүзеге асыру барысы туралы түсіндіру мақсатындағы брифингтер сериясы өткізілуде.

Бүгінгі материал құқық қорғау органдарына түсудіӊ жаӊа тәртібіне арналады. Осы материалға назар аударыӊыздар:

"Қандай жаӊалық бар?

Осы жылдан бастап құқық қорғау органдарына алғаш рет түсетін азаматтар үшініріктеу процедурасы әкімшілік мемлекеттік қызмет стандарттарына жақындатылады.

Енді, құқық қорғау қызметіне түсу үшін үміткерлер заӊнаманы білу деӊгейін анықтауға арналған тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және әӊгімелесуден өтеді.

Олар бірінші екі кезеӊді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өтеді.

Аталған іріктеу жүйесі нені анықтауға мүмкіндік береді?

Заӊнаманы білу деӊгейін анықтауға арналған тестілеу кандидаттардыӊ теориялық білімін анықтауға бағытталған.

Жеке қасиеттерін бағалау үміткерлердіӊ мықты жақтары мен кемшіліктерін, кандидаттардыӊ қабілеттіліктерінанықтап, соныӊ ішінде, азаматтардыӊ қажеттілік мүдделеріне және қасиеттеріне хабардар болуын, адамдармен жұмыс істеу қабілеттерін, олардыӊ ұйымдастырушылық қабілеттерін, әдептілігі мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін анықтауға көмектеседі.

Иӊгімелесу кандидаттардыӊ қажетті құзіреттерін және дағдыларын, сондай-ақ, талдау қабілеттерін, өзініӊ ой-пікірін білдіру қабілеті және керекті топ мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіру қабілеттерін айқындайды. Оған бейіндік, уәждемелік сұрақтар, құзіреті бойынша сұрақтар, кандидаттардыӊ коммуникациялық қасиеттері және ахуалдық есептерді шешу ұсынылады.

Қанша тестілеу бағдарламалары болады?

Бүгінгі таӊда әртүрлі заӊдар саны және межелік деӊгейі белгіленген 13 тестілеу бағдарламалары 4 құқық қорғау органдарында бар.

Мысалы, прокуратура органдарында кандидаттар 5 бағдарлама бойынша 13-тен бастап 20-ға дейін заӊды білу денгейін тестілеуді өтеді, ІІМ 2 бағдарлама бойынша 5 заӊ бойынша тестілеуді өтеді.

Құқық қорғау органдарына іріктеуге арналған жаӊа механизм барлық органдарғабірыӊғай белгіленген тестілеу бағрарламалар санын 3 дейін қысқартады.

Бірінші бағдарлама жоғарғы басқарушы құрамға арналған және 9 құқықты нормативтік актілерінен тұрады. Кандидаттарға қойылған 135 сұрақтын 95 дұрыс жауап беру қажет.

Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрамыныӊ лауазымдарына анормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар бар. Аталған бағдарлама бойынша 105 сұрақ қойылады, сонын ішінде 63 дұрыс жауап берілуі тиіс.

Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатарлы құрамына арналған және 5 заӊнан тұрады. Бұл бағдарлама бойынша еӊ аз дегенде 75 сұрақтыӊ 35 жауап беру қажет.

Тестілеуге қалай жазылуға болады?

Құқық қорғау органдарына алғашқы рет түсетін азаматтар тестілеуге электрондық үкімет порталы арқылы не болмаса азаматтарға қызмет көрсету орталығы арқылы жазылуға және өзіне ынғайлы уақытын, өту күнін және қаланы белгілеу мүмкіндігі бар.

Тестілеу процедуралары қаншалықты айқын болады?

Агенттіктіӊ тестілеу залдары мобильді байланысты бәсендету құралдымен және үміткерді айқындау мақсатында кард- ридерлермен жабдықталған.

Ирбір жұмыс орны үміткерді фотоға түсіру мақсатында және тестілеу процессініӊ бейне жазбасын жүргізу үшін веб-камераларымен жабдықталған.

Егерде сіз тестілеу процедурасын бақылауға ниет білдірсеӊіз, Астана қаласындағы Агенттіктіӊ тестілеу залыныӊ жанындағы холлда тестілеу процессін көрсететін арнайы теледидар орналастырылған.

Жыл сайын тестілеуден 37 240 жуық азамат өтеді.

Тестілеуден сәтті өткен жағдайда не істеу қажет?

Тестілеу нәтижесі бойынша арнайы сертификат, ал, жеке қасиеттерін бағалау бойынша арнайы қорытынды беріледі. Бұл құжаттар бір жыл ішінде жарамды.Бұл үміткерлерге барлық құқық қорғау органдарында өткізілетін байқауға қатысуға құқық береді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны