14.05.2014, 21:41 2720

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтардың саны 8,7 есеге азайды - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Алғашқы рет сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапкершілік заңнамамен ескерілген. Алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша қызметшілерге қатысты 1 198 тәртіптік шаралар қолданылды.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен хабарлағандай, қоғамдық кеңестердің ұсыныстарына сәйкес, алдыңғы жылдан бері мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықты азайту, олардың сапасын арттыру және ұсыну тәртібі бойынша жүйелік жұмыс атқарылуда.

Нәтижесінде, бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтардың саны 8,7 есе азайды, ал олардың сапасына тіркелген шағымдардың саны - 1,35 есеге азайды.

Алғашқы рет сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапкершілік заңнамамен ескерілген. Алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша қызметшілерге қатысты 1 198 тәртіптік шаралар қолданылды.

2013 жылы 23 мемлекеттік органдар және 16 жергілікті атқарушы органдарда өткізілген бағалау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасының айтарлықтай жоғарылауын атап өтуге болады.

Барлығы 2013 жылы 94 млн. астам қызмет көрсетілген. Оның ішінде, барлық санының 70% жуығы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген (66 млн. астам қызмет көрсету). Ең талап етілген мемлекеттік қызмет көрсетулер денсаулық сақтау саласында байқалды (42 млн. астам қызмет көрсету немесе 44%).

Алғашқы рет мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесінде қоғамдық ой-пікірдің қорытындылары қолданылады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттары және қағидаттарын енгізу бойынша тапсырма қойылды.

Қазіргі кезде ҚР Үкіметімен және ЭЫДҰ бірлесе Қазақстанда толық өмір кезеңінің Мемлекеттік қызмет көрсетудің стратегиясы іске асырылуда.

Сонымен қатар, ЭЫДҰ - мен өзара әрекеттесу мәселелері Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың қызметінде өз орнын алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны