08.07.2014, 20:44 3036

Мемлекеттік қызметке үміткерлердің тестілеу сертификаттарының түпнұсқалылығын онлайн жүйесінде анықтауға болады

Азаматтардың мемлекеттік органдардағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурстарға қатысу кезіндегі алаяқтық жағдайларын болдырмау мақсатында сертификаттарды онлайн-тексеру жүйесі іске қосылды, деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Азаматтардың мемлекеттік органдардағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурстарға қатысу кезіндегі алаяқтық жағдайларын болдырмау мақсатында сертификаттарды онлайн-тексеру жүйесі іске қосылды, деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жүйе ағымдағы жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп келеді. Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz сайтында, "Тестілеу" айдарының "Тестілеу нәтижелері" бөліміне азаматтың ЖСН-ін енгізгенде арнайы бағдарлама оның ТАИ, тестілеуден өткен күнін, "Өтті/Өтпеді" деген мәртебесін, лауазымның санатын және тест тапсырған өңірін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарды осы бағдарламаның жұмысы жөнінде хабардар етті.

Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) өздерінің міндеттерін атқару барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы сертификаттың түпнұсқалылығын тексеруге міндетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны