28.10.2016, 18:13 4627

Мемлекеттік қызметкерлер "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ І бағытын жүзеге асыру барысын пысықтады

Тағы бір маӊызды міндет - "қызмет көрсететін мемлекет" қағидаларын кеӊінен енгізу. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ сапасын бағалау басымдықтары бизнес-үрдістерді талдау, бюрократиялық кедергілерді жоюға бағыталуы тиіс.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 28-ші қазанында Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ кеӊейтілген кеӊесі өткізілді.

Оныӊ жұмысына Қазақстан Президенті Икімшілігініӊ басшысы Иділбек Жақсыбеков, Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров және ведомствоныӊ құрылымдық һәм аумақтық департаменттерініӊ басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ І бағытын жүзеге асыру барысы жан жақты пысықталды.

Қазірдіӊ өзінде Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жетілдірілген. Конкурстық негіздегі мансаптық модельге ауысу толығымен аяқталды.

Бұл модельдіӊ басты қағидаты - мемлекеттік қызметте мансаптық ілгерілеуге ынталы азаматтарға әлеуметтік серпін беріп, жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде әділдікті қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметке қабылдау және ілгерілетудіӊ ашықтығын бақылаушылар институты қамтамасыз етеді. Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров жиынға қатысушылардыӊ назарын осы бақылаушыларға қойылатын талаптарды күшейтуге және "Азаматтық бақылау" жобасы аясында мемлекеттік емес ұйымдар әлеуетін кеӊінен пайдалануға аударды.

Қабылданған жаӊашылдықтар непотизмге, яғни ағайынға бұрушылыққа қайшы келіп, әрбір мемлекеттік қызметшіге оныӊ жинаған кәсіби тәжірибесі мен адал еӊбегі лайықты бағаланады деген сенім ұялатады.

Адалдық, әділдік, халық игілігі үшін қызмет ету, азаматтардыӊ сұранысына уақытылы, сапалы әрі кәсіби деӊгейде жауап бере білу барлық қызметшілерге қойылатын басты талаптарға айналады. Бұл талаптарға сәйкес келе алмағандар қоғам алдында тұтас мемлекеттік аппараттыӊ атына кір келтіреді.

Құқық қорғау қызметі стандарттары әкімшілік қызметтікіне мейлінше жақындай түседі. Алдағы уақытта құқық қорғау органдарына қызметке тұрам деушілер Агенттіктіӊ құрылымдарында заӊнаманы білу деӊгейін анықтайтын, және жеке қасиеттерін бағалайтын тест сынағынан өтеді.

Тағы бір маӊызды міндет - "қызмет көрсететін мемлекет" қағидаларын кеӊінен енгізу. Мемлекеттік көрсетілетін қызмеoтердіӊ сапасын бағалау басымдықтары бизнес-үрдістерді талдау, бюрократиялық кедергілерді жоюға бағыталуы тиіс.

Агенттіктіӊ құрылымдық және аумақтық департамент басшыларына қаратып айтқан сөзінде ведомство басшысы Қайрат Қожамжаров олардыӊ назарын түсіндіру жұмыстарын кеӊінен жүргізуге аударды.

"Қоғам барлық реформаларды сіздердіӊ атқарып жатқан жұмыстарыӊыз арқылы қабылдайтынын түсінулеріӊіз керек. Жүзеге асырылып жатқан реформалардыӊ түйінін әрбір қазақстандыққа жеткізу маӊызды. Қоғамымыз мемлекет тиімді механизмдерді енгізіп жатқанын жете түсінуі тиіс. Іске асып жатқан жаӊашылдықтарды дұрыс қабылдау - сіздердіӊ жұмысыӊыздыӊ басты бағасы болады", деп түйіндеді өз сөзін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны