21.12.2012, 17:52 3046

Мемлекеттік қызметкерлердің "А" корпусына шамамен 250 әкім кіреді

"Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, министрлер мен олардың орынбасарлары, жауапты хатшылар саяси болып қала береді, олардан басқа ұлттық корпусқа комитет төрағалары да кіреді, барлығы шамамен 250 адам. Және ең маңыздысы - 500 адамның 250-і өңірлер өкілдері, яғни әртүрлі деңгейдегі әкімдер", - деді Б.Байбек.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметкерлердің "А" корпусына шамамен 250 әкім кіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Икімшілігі жетекшісінің орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

"Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, министрлер мен олардың орынбасарлары, жауапты хатшылар саяси болып қала береді, олардан басқа ұлттық корпусқа комитет төрағалары да кіреді, барлығы шамамен 250 адам. Және ең маңыздысы - 500 адамның 250-і өңірлер өкілдері, яғни әртүрлі деңгейдегі әкімдер", - деді Б.Байбек.

Ол бұл аталған топ шенеуніктері бірінші кезеңде облыс әкімі басқаратын өңірлік комиссиядан өтетінін атап айтты. Одан кейін үміткерлер ҚР Президенті жанынан құрылатын ұлттық комиссиядан өтулері тиіс.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек бүгінде өңірлік әкім лауазымын алып отырғандар да комиссиядан өтулері тиіс екенін қадап айтты. Осылайша, әр қызметкер өзінің құзыреттілігін растауы қажет болады.

Бұдан басқа, өңірлер әкімдерінің жұмыстарын бағалаудың тиімді жүйесі енгізіледі, ол бойынша басшылардың іс-әрекеттері негізделіп және ынталандырылады, және сыртқы қаржылық бақылау үшін бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалайтын қаржылық ревизиялық комиссияның жұмысы жалғастырылатын болады.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әкімшілік реформа басшылық деңгейдегі әкімшілік- мемлекеттік лауазымдардың "А" басқару корпусын құруды көздейді. Олар үшін Қазақстан Республикасы Президенті айқындайтын кадрлық резервке іріктеу мен конкурстық іріктеудің ерекше тәртіптері, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны