17.06.2008, 15:10 3852

Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі өзгертіледі - Қазақстан президенті

Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі өзгертіледі - Қазақстан президенті

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі өзгертіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің қазіргі жүйесі біршама өзгертіледі, өзгерістер теңестіру әдістемесінен бас тартуға бағытталады ", -деді Н. Назарбаев. "Ир адамның ақырғы жұмыс нәтижесі оның күрделілігіне, жұмыстың нарықтық құны мен жеке үлесіне қарай бағаланатын болады",- деді ол.

Президенттің түсіндіруінше, "элиталық А корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін арнайы еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі, мотивациялық қоржын жасалады". "Бұл корпустағы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері айрықша мемлекеттік қорғауға алынады", -деп нақтылады Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметтің ара жігін айқын ажырату қажеттігін атап өтті. Н. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, әкімшілік мемлекеттік қызмет жаңа модель бойынша екі басты корпустан құралады. Бірінші корпусты ол шартты түрде "А корпусы" деп атауды ұсынды. Бұл кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің корпусы, олар билеуші саяси партия ойластырған мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асырумен айналысады. "А корпусына" жауапты хатшылар, мемлекеттік холдингтердің, ұлттық компаниялардың басшылары, сондай-ақ, атқарушы билік органдарының өзекті департаменттерінің директорлары, комитет төрағалары, аудандар мен қалалардың әкімдері кіреді. Барлық қалған әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер екінші "Б корпусына" кіреді деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны