26.07.2013, 17:21 3112

Мемлекеттік комиссия отырысында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің жаңа логотипі бекітілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік комиссия отырысында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің жаңа логотипі бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде көрменің жаңа логотипін таңдау туралы мәселе қаралды. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің назарына халықтың онлайн арқылы дауыс беруі барысында іріктеп алынған екі нұсқа ұсынылды.

Естеріңізге салайық, үстіміздегі жылдың 9-22 шілдесі аралығында қазақстандықтар белгілі Интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы ұсынылған жеті логотиптің біреуіне дауыс беруге мүмкіндік алған болатын.

Сонымен, дауыс беру қортындысы бойынша "Жасыл энергия" және "Жел энергиясы" атты екі озық үлгі анықталды.

Мемлекеттік комиссияның шешімімен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа фирмалық белгісі ретінде "Жел энергиясы" логотипі бекітілді.

Отырыста бұдан басқа да бірқатар мәселелер қаралып, олар бойынша Үкімет басшысы тиісті тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны