06.04.2020, 16:44 9612

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды

https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда МӘСҚ-тан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды.

Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ПӘ жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесе отырып Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін сервис құрды.

Сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында құрылды.

МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1) https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2) "42 500 жәрдемақы алу" таңдаңыз;

3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;

4) нысанды (форма) жіберу керек;

5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;

6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;

7) өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі - ЖК);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі - ЖП);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі - АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі - 3 жұмыс күні.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны