23.02.2013, 14:46 5257

Мемлекеттік медиа саясат жетілдіруді қажет етеді

"Соңғы жылдары мемлекеттік БАҚ-н қаржыландыру көлемі бірнеше рет артты, алайда, өкінішке орай, танымалдылық пен халық тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына сенімділік артқан жоқ. Мемлекеттік БАҚ-ның оқырман және көрермен аудиториясы қазіргі таңда алдымызда тұрған мәселелерді шешуге жеткіліксіз", - деді М.Тажин.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы мемлекеттік медиа саясат бірқатар бағыт бойынша жетілдіруді қажет етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тажин республикамыздың ақпараттық активтерімен кездесу барысында мәлім етті.

"Соңғы жылдары мемлекеттік БАҚ-н қаржыландыру көлемі бірнеше рет артты, алайда, өкінішке орай, танымалдылық пен халық тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына сенімділік артқан жоқ. Мемлекеттік БАҚ-ның оқырман және көрермен аудиториясы қазіргі таңда алдымызда тұрған мәселелерді шешуге жеткіліксіз", - деді М.Тажин.

"Міне, менде талдау бар: жүздеген, мыңдаған материалдар шығарылған, бірақ олардың біреуі де халық есінде қалмаған. Біз кім үшін жұмыс жасаймыз?! Біздің басты сыншымыз әрі тұтынушымыз - халық пен ақпараттық әсер деңгейі. Ал, біз немен айналысамыз?! Менің ойымша, ақпараттық тапсырысты бақылау - бұл Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей міндеті, қателікке жол бермейтін орындау сапасының жаңа критериін жасап шығу керек", - деп жалғастырды өз сөзін Мемлекет хатшысы.

Сонымен қатар, М.Тажин мемлкеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру саясатына және осы саладағы бюджеттік қаражатты тиімсіз жұмсауға жеке сын айтты.

"Осы мәселені бір жақты қылып, Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірге мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру саясатын, және де, ең бастысы оның орындалуын толығымен бақылау практикасын қайта қарап шығу қажет", - деп атап өтті ҚР Мемлекет хатшысы.

Оған қоса, ол мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша қаражатты жұмсаудың талдауын өткізуді және мемлекеттік БАҚ-ның бюджеттерін оңтайландыру қажеттігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық БАҚ-да мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру мәселесі ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Өңірлік даму Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыланған болатын.

"Мемлекеттік тапсырыстарды мемлкеттік емес БАҚ-да орналастыру жолдары едәуір түзетуді қажет етеді. Оны "әр қызға бір сырға" ұстанымымен таратып бермей, оқырмандардың, көрермендердің сұраныстарына ие, мазмұны қызықты, жаңашыл әдіспен жұмыс істейтін БАҚ ғана алуы керек", - деді М.Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, ведомство басшысы мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырудың төменгі мөлшерлемесін белгілеу мәселесін де айтып өтті.

"Қазіргі қолданылып жүрген баға - сағатына 120 мың теңге республикалық телеарналардың нақты шығынын жаппайды. Мысал үшін, телеарна 5 млн теңге үшін эфирде 42 сағат көлемінде өнім көрсетуі қажет. Бұл мүмкін бе? Мүмкін емес деуге болады, мүмкін болған күннің өзінде де контент сапасы өте төмен болады. Баспа БАҚ-на келетін болсақ, мемлекеттік тапсырыстың тарифі коммерциялықтан ондаған есе аз", - деп жалғады сөзін М.Құл-Мұхаммед.

МАМ басшысының сөзіне қарағанда, министрлік қазіргі күні мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастырудың ерекше тәртібін әзірлеу мәселесін ойластыруда.

"Осыған байланысты, Ақпарат және мұрағат комитеті мемлекеттік тапсырысты орындауға анағұрлым көп мемлекеттік емес БАҚ-ын тартудың жаңа тарифін әзірлеуге кірісті", - деп хабарлады М.Құл-Мұхаммед.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны