15.12.2015, 13:37 28314

Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі

Қазақстан Президенті өз сөзінде баршаны алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады және марапатталушы азаматтар үшін бұл рәсімніӊ маӊыздылығын айтты

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті өз сөзінде баршаны алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады және марапатталушы азаматтар үшін бұл рәсімніӊ маӊыздылығын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тарихи өлшем тұрғысынан қысқа уақытта біз үлкен жолдан өттік, мемлекеттілікті нығайтып, экономиканы дамыттық, қазақстандықтардыӊ жаӊа буынын тәрбиеледік. Біз индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Биыл үшінші ғарышкеріміз ғарышта болып келді. Қазақстан ДСҰ-ныӊ мүшесіне айналды. Илемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан, біз көп іс тындырдық. Бұл табыста бүкіл қазақстандықтардыӊ жұмсаған күш-жігері бар. Наградалар мен атақтар - отандастарымыздыӊ қажырлы еӊбегі мен қызметін халықтыӊ жоғары деӊгейде бағалауыныӊ белгісі, - деді Мемлекет басшысы.

Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалармен атап өтілген азаматтардыӊ жетістіктеріне тоқталды.

Атап айтқанда, "Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" атағы ұзақ жылдар бойы өндіруші салада жұмыс істеген, өз кәсібініӊ үздік маманы ретінде зор құрметке ие болған Р.Имреновке берілді.

Дәл осындай жоғары атаққа М. Искандиров та лайық деп танылды, оныӊ бүкіл еӊбек жолы фосфор өнеркәсібімен байланысты. Ол бұл салаға 30 жылдан астам өмірін арнаған.

Осы атақ аграрлық салада 40 жылдан аса жұмыс істеген және ұжымына жақсы қамқорлық жасайтын ілгерішіл шаруашылықты басқаратын Б.Князевке берілді.

"Отан" орденімен танымал әнші әрі композитор Е.Хасанғалиев атап өтілді, оныӊ әндері халықтыӊ рухын көтеріп, өскелеӊ ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеп келеді.

"Парасат" орденімен Ш.Катсу марапатталды. Ол бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу ісіне сарапшы ретінде елеулі үлес қосты, ал Назарбаев Университеті оныӊ басшылығымен халықаралық деӊгейдегі жоғары оқу орнына айналды.

II дәрежелі "Достық" орденіне этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту ісіне зор үлес қосқан этномәдени бірлестікті басқаратын Л.Кан лайық деп танылды.

Биыл бірінші рет "Еӊбек Даӊқы" ордені тапсырылып отыр. Оныӊ үш дәрежесін иеленген лауреаттарға "Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" атағы беріледі. Бұл марапатқа алғаш ие болғандар қатарында Атырау қаласынан "Каспий Құбыр Консорциумы-К" АҚ операторы Е.Жұмағалиев, Қарағанды облысыныӊ Теміртау қаласынан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ темір кесушісі М.Ибраев және Алматы облысынан "Алматы" асыл тұқымды зауыты" АӨК аға шопаны К.Сейтенбекова бар.

"Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері" құрметті атағы С.Ақшолақовқа берілді. Оныӊ еӊбегі ғылымға, сондай-ақ еліміздегі нейрохирургия технологияларын ілгерілетуге қосылған үлес болып саналады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде Алматы қаласыныӊ ішкі істер департаментініӊ аға инспекторы Е.Абдрахимовтыӊ ерлігі "Айбын" орденімен атап өтілді.

Мемлекет басшысы бүгін мемлекеттік наградалармен мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау саласыныӊ қайраткерлері, өндіріс пен бизнес саласыныӊ өкілдері, құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еӊбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер марапатталып жатқанын айтты.

Бүкіл ел бойынша марапатталушыларға меніӊ атымнан ордендер мен медальдар тапсырылуда. Сіздердіӊ әрқайсыӊыздыӊ Отанымыздыӊ игілігі жолындағы жұмыста үлестеріӊіз бен тәжірибелеріӊіз бар. Ирқайсыӊызды Қазақстанныӊ мақтанышы деп айтуға әбден болады. Осыныӊ бәріне еӊбекпен жеттіӊіздер. Біз еӊбек адамына құрмет көрсетуге тиіспіз, сондықтан "Еӊбек Даӊқы" орденін алған адамдардыӊ қызметін айрықша атап өткім келеді. Бұл - экономикалық қуатты еселеп жатқан еӊбекшілер үшін үлгі болсын, соныӊ негізінде барлық өзге салалар дамып жатыр", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық марапатталушыларды алдағы мерекелермен құттықтап, мықты денсаулық пен табыс тіледі.

***

"Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" атағы "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ "Восточный" разрезініӊ механигі, Павлодар облысыныӊ Екібастұз қаласынан - Р.Иміреновке, "Қазфосфат" ЖШС бас директоры, Тараз қаласынан - М.Искандировке, "Алтынсарино" ЖШС директоры, Қостанай облысыныӊ Қамысты ауданынан -, Б.Князевке берілді.

"Отан" орденімен "Камышинское-2" ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысыныӊ Шемонаиха ауданынан - В.Акулов, жазушы, Астана қаласынан - И.Ишімов (Икім Тарази), сазгер, Алматы қаласынан - Е.Хасанғалиев марапатталды.

"Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.Көшербаев, Президент Икімшілігініӊ Басшысы Н.Нығматулин лайық деп танылды.

ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Парламент Мәжілісініӊ төрағасы Қ.Жақыповтыӊ, "Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" РМК ректоры Е,Сыздықовтыӊ еӊбегі атап өтілді.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Петропавл қаласындағы "Орта Азия электр-энергетика корпорациясы" АҚ директорлар кеӊесініӊ төрағасы А.Клебанов, Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы" кәсіподақтар республикалық бірлестігініӊ төрағасы И.Құсайынов марапатталды.

"Парасат" орденіне Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ хатшысы Н.Ермекбаев, "Назарбаев Университеті" ДББҰ президенті Ш.Катсу, Жамбыл облысыныӊ әкімі К.Көкірекбаев, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков лайық деп танылды.

ІІ дәрежелі "Достық" орденімен Тараз қаласындағы "Корё" Жамбыл облысыныӊ корейлер ассоциациясы" ҚБ президенті Л,Канныӊ еӊбегі атап өтілді.

"Құрмет" орденімен Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түркістан қаласындағы "Түркістан медицина колледжі" МКҚК директоры Ғ.Бимұрзаев, Ақмола облысыныӊ Шортанды ауданындағы "Жакен-1" ЖШС директоры А.Бренер, Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменова марапатталды.

ІІІ дәрежелі "Еӊбек Даӊқы" орденіне Атырау қаласындағы "Каспий Құбыр Консорциумы-К" АҚ "Теӊіз" станциясыныӊ операторы Е.Жұмағалиев, Қарағанды облысыныӊ Теміртау қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ темір кесушісі М.Ибраев, Қостанай облысыныӊ Таран ауданындағы "Адлет-Т" ЖШС механизаторы Н.Капранчиков, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ Аққайыӊ ауданындағы "Дайындық" ЖШС комбайнері А.Сағындықов, Алматы облысыныӊ Талғар ауданындағы "Алматы" асыл тұқымды зауыты" АӨК аға шопаны К.Сейтенбекова лайық деп танылды.

"Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері" атағы "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы С.Ақшолақовқа, Алматы қаласындағы "Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК әртісі А.Иманбаеваға берілді.

І дәрежелі "Даӊқ" орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасыныӊ бірінші орынбасары В.Жұмақановтыӊ, ІІ дәрежелі "Даӊқ" орденімен Б.Ашқаровтыӊ, "Сырбар" сыртқы барлау қызметініӊ директоры Ғ.Байжановтыӊ қызметі атап өтілді.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Ішкі істер департаментініӊ жол-патрульдік полициясыныӊ аға инспекторы Е.Абдрахимов, Мемлекеттік күзет қызметініӊ департамент бастығы Р.Нұркин, Қорғаныс министрлігі 03534 әскери бөлімініӊ командирі С.Поплавский марапатталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны