01.11.2016, 17:06 3836

Мемлекеттік нысандарды отандық және шетелдік инвесторлардыӊ меншігіне беру ісініӊ мейлінше жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет -Н.Назарбаев

Қазақстан Президенті жекешелендірудіӊ екінші кезеӊін іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігіне айрықша тоқталды.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Б.Сұлтанов Қазақстан Президентіне Қаржы министрлігініӊ биылғы 9 айда атқарған жұмысыныӊ қорытындысы, республикалық және жергілікті бюджеттіӊ атқарылуы, сондай-ақ Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен 2016 жылғы 9 қыркүйекте өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысыныӊ қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардыӊ іске асырылуы туралы баяндады.

Елбасы бюджет үдерістерініӊ тиімділігін одан әрі арттыруға, бюджетті қалыптастыру барысында экономиканыӊ өсіміне ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларға негізделген ұтымды тәсілдердіӊ қолданылуына баса назар аударды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті жекешелендірудіӊ екінші кезеӊін іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігіне айрықша тоқталды.

- Мемлекеттік нысандарды отандық және шетелдік инвесторлардыӊ меншігіне беру ісініӊ мейлінше жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мүлікті заӊдастыру жөніндегі науқанныӊ соӊғы кезеӊіне қатысты міндеттер қойды. Мәселен, Қазақстан Президенті бұл науқанды жүргізу барысында қалыптастырылған жариялылық жағдайын атап өтіп, оныӊ ел экономикасы үшін нәтижелілігін айтты.

- Мүлікті заӊдастыру салық есебінен бюджетті толықтырып, одан әрі экономикаға пайдасын тигізетін активтерді анықтауға мүмкіндік беретін болады. Бұл - салық жүйесініӊ басты міндеттерініӊ бірі, - деді Елбасы.

Қаржы министрі тиімді экономикалық саясат пен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заӊнамаларға өзгерістер енгізу, салық пен кедендік басқаруды жетілдіру есебінен бюджет кірісініӊ тұрақтануы және биыл оныӊ 7,4%-ға өсуі байқалып отырғанын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны