17.05.2016, 12:28 3623

Мемлекеттік органдардыӊ функцияларын бәсекелі ортаға беру ағымдағы жылдыӊ күзінде басталады - ҚР ҰЭМ

Мемлекеттік органдардыӊ бірқатар функцияларын жеке секторға беру түгендеу және нарықтыӊ дайындығын талдау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдыӊ күзінде басталады, деп мәлімдеді бүгiн Экономикалық реформа және өӊірлік даму жөніндегі комитеттіӊ кеӊейтілген отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрiнiӊ бiрiншi орынбасары Марат Құсайынов

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекеттік органдардыӊ бірқатар функцияларын жеке секторға беру түгендеу және нарықтыӊ дайындығын талдау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдыӊ күзінде басталады, деп мәлімдеді бүгiн Экономикалық реформа және өӊірлік даму жөніндегі комитеттіӊ кеӊейтілген отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрiнiӊ бiрiншi орынбасары Марат Құсайынов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"97 қадамды жүзеге асыру бойынша келесі кезеӊ - бұл функцияларды бәсекелі ортаға беру алгоритмін заӊнамалық бекіту. Біз сәйкес заӊ жобасын әзірлеп жатырмыз, ол биыл шілде айында Комиссия отырысында таныстырылады", - деді М.Құсайынов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Жалпы, оныӊ айтуынша, мемлекеттiк органдардыӊ функцияларын түгендеу кезеӊ-кезеӊiмен жүргiзiледi. Бiрiншi кезеӊде мемлекеттiк органдардыӊ стратегиялық, реттеушi, жүзеге асырушы және бақылау функцияларына талдау жасалады. Бұл бәсекелес ортаға өткiзуге болатын функцияларды анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте әрбiр мемлекеттiк органныӊ қызметiнiӊ негiзi болып табылатын стратегиялық функцияларды нарыққа беру қарастырылмайды.

Сондай-ақ, мемлекеттiк органдардыӊ функциялары тұрақты және уақытша болып бөлiнетiн болады. Осы орайда мемлекеттiк органдардыӊ уақытша функцияларын да бәсекелес ортаға беру қарастырылмайды.

"Бұдан бөлек, түгендеу кезiнде мемлекеттiк органдардыӊ артық функцияларын анықтау көзделген. Ал осы жұмыстардыӊ негiзiнде алдын ала тiзiм дайындалмақшы", - деп түсіндірді ол.

Вице-министр айтып өткендей, келесi қадам бәсекелес ортаныӊ мемлекеттiк функцияларды қабылдауға дайындығын зерделеу болмақ. Бұл жұмыста негiзгi рөлдi Ұлттық кәсiпкерлер палатасы мен Қазақстан азаматтық альянсы атқарады. Осыдан кейiн функцияларды нарыққа өткiзудiӊ амал-тәсiлi анықталады. Нақтырақ айтқанда бұл аутсорсинг, мемлекеттiк тапсырыс болуы мүмкiн, не болмаса, бұл жұмыс қызмет алушыныӊ есебiнен немесе өзiн-өзi реттеу арқылы iске асырылуы ықтимал.

Ол мемлекеттiк органдардыӊ функцияларын нарыққа өткiзу соӊғысыныӊ дайындығына тiкелей байланысты болатынын ерекше атап өттi. Бұған қоса, мемлекеттiк функцияларды бизнеске беру кезiнде барлық тәуекелдер ескерiледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны