19.04.2012, 13:48 3349

Мемлекеттік сапары аясында ҚР президенті Малайзияның жетекші кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді

Мемлекет басшысына Алматы облысындағы бірқатар ірі жобаларды іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізген "ALM Builders Sdn Bhd" құрылыс компаниясының өнімдері таныстырылды.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның жетекші кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысына Алматы облысындағы бірқатар ірі жобаларды іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізген "ALM Builders Sdn Bhd" құрылыс компаниясының өнімдері таныстырылды. "Melewar Industrial Grоup Berhad" компаниясы Қазақстанда құрылыс арматурасы өндірісі бойынша зауыт ашуды жоспарлап отыр. "Markore Energy" біздің еліміздегі бірқатар мұнай кен орындарын өңдеумен айналысады. Сонымен қатар экспозицияға Малайзиядағы теңіз кемелерінің операторы және ірі иесі "Bumi Armada" компаниясы, мұнайгаз өнеркәсібімен айналысатын "Sapura Kencana Petroleum" компаниясы қатысты.

Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикасы білімге, жаңа технология мен жоғары сапалы қызметтерге негізделген жаңа қалалар - "Iskandar Malaysia" және "Cyberjaya" жобалары таныстырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны