21.10.2011, 14:17 4242

Мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі жыл басынан бері 23 млрд теңгеге жуық қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді

"Үш тоқсанның ішінде мемлекеттік сатып алулардың электрондық жүйесінің арқасында үкімет 23 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын үнемдеп қалды. Жалпы алғанда электрондық алаң жұмысы іске қосылған үш жыл ішінде баға ұсыныстарын сұрау әдісі арқылы электрондық мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемделген қаражат көлемі 60 млрд теңгеден астам", - делінген хабарламада.

Астана. 21-қазан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі жыл басынан бері 23 млрд теңгеге жуық қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Электрондық коммерция орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "үш тоқсанның ішінде мемлекеттік сатып алулардың электрондық жүйесінің арқасында үкімет 23 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын үнемдеп қалды. Жалпы алғанда электрондық алаң жұмысы іске қосылған үш жыл ішінде баға ұсыныстарын сұрау әдісі арқылы электрондық мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемделген қаражат көлемі 60 млрд теңгеден астам", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, бүгінгі күні www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алулар веб-порталының пайдаланушылар саны 107 мыңнан астам тіркелген тұтынушыны құрайды. Веб-порталда мемлекет жалпылай санағанда 7 млн-нан астам лот пен 2,3 млн-нан астам хабарлама орналастырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны