28.07.2015, 17:42 3597

Мемлекеттік сатып алулар бойынша өткізілетін конкурстыӊ кезеӊдері қысқартылады - Р.Бекетаев

"Мемлекеттік сатып алулар туралы" заӊ жобасы аясындағы жаӊа редакцияда мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурс кезеӊдерін қысқарту қарастырылған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заӊ жобасы аясындағы жаӊа редакцияда мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурс кезеӊдерін қысқарту қарастырылған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Конкурс өткізу тәртібі үштен екі кезеӊге дейін қысқарады. Бірінші кезеӊ аукционға рұқсат алу, екнішісі аукционныӊ өзін өткізу", - деді Р.Бекетаев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Бұдан өзге, ведомство мемлекеттік сатып алулардыӊ алдын ала жылдық жоспарыныӊ тетігін әзірлейді.

"Аталған тетік республикалық бюджеттік комиссияныӊ оӊ шешімі негізінде бюджеттіӊ бекітілуін күтпестен, мемлекеттік сатып алулар туралы алдын ала хабарлауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, инвестициялар тарту және жоғары технологиялы өнім өндірісін ынталандыру мақсатында заӊ жобасында үш жылдан астам уақытқа ұзақ мерзімді келісімдер жасасу мүмкіндігі қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны