05.12.2008, 19:18 2966

Мемлекеттік сатып алулар саласындағы прокурорлық тексерулердің қорытындысы бойынша ағымдағы жылы 4 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды - Бас прокуратура

Мемлекеттік сатып алулар саласындағы прокурорлық тексерулердің қорытындысы бойынша ағымдағы жылы 4 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды - Бас прокуратура

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік сатып алулар саласындағы прокурорлық тексерулердің қорытындысы бойынша ағымдағы жылы 4 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" халықтық- демократиялық партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 6-шы отырысында Бас прокуратураның Мемлекеттік органдардың қызметтерінің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша 900-ден астам теғксерулер жүргізіліп, солардың нәтижесі бойынша 4 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. 100 -ден астам лауазым иесі жауапкершілікке тартылды ", - деді С. Нұрпейісов.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздің көптеген заңдарында әлі де болса, жемқорлықтың орын алуына жол беретін баптар бар. Өйткені тәжірибе жемқорлардың осы олқылықтарды пайдалана отырып, жасанды түрде әкімшілік кедергілерді ұйымдастырып, шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырғандығын көрсетті. Мемлекеттік сатып алулар жөнінде әңгіме қозғағанда көптеген лауазым иелері пайданың көзін күйттеп кететіндері соншалық, тіпті жеке басының қауіпсіздігін де естен шығарып алады.

"Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заң бұзу әрекеттері ылғи да бірыңғай және бір жүйе бойынша іске асырылады. Нақтырақ айтқанда, жемқорлар мемлекеттік сатып алу жұмыстарын өзгеше тәртіппен ұйымдастырады немесе конкурстық комиссияның құрамы заңға сәйкес жасақталмайды. Болмаса, конкурсқа алаяқ компаниялар қатысады. Сондай-ақ конкурсқа қатысуға ниет білдіргендердің өтініштерін заңсыз қайтару мен керісінше, оған қатысуға құқы жоқ ұйымдардың өкілдерін қатыстырып, оларды жеңімпаз етіп шығару да жемқорлардың айла-тәсілдері болып табылады. Кей жағдайда олар тіпті орындалмаған жұмыстар үшін де қыруар қаржы төлейді", деді Бас прокуратура өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны