02.07.2019, 22:51 6958

Мемлекеттік шекарадан ақша қаражатын алып өтудің кедендік заңдылықтарын бұзған екі қазақстандық және бір түркіменстандық ұсталды

46 жастағы Түркіменстан азаматшасынан кедендестірілмеген 20 000 АҚШ долларын тауып, актімен кеден бекетіне тапсырды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан. 2 шілде. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте Мемлекеттік шекарадан ақша қаражатын алып өтудің кедендік заңдылықтарын бұзғандықтары үшін екі қазақстандық және бір түркіменстандық ұсталды.

Алматы шекаралық бақылау отрядының шекара наряды бүгін түнгі сағат 3-тер шамасында "Алматы - Франкфурт" бағытында ұшқалы тұрған LH-647 әуе рейсіне кедендестірілмеген 12 185 евро, 148 100 теңге алып кірмек болған 53 жастағы Қазақстан азаматшасын; таңғы 5-тер шамасында "Алматы - Шарджа" бағытындағы G9-254 әуе рейсінен, өзімен бірге 10 220 АҚШ долларын (аз мөлшердегі евро және теңгені есептемегенде) алып өтпек болған 34 жастағы қазақстандық ер адамды ұстады. Заңсыз өткізілмек болған валюталар актіленіп, "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Сондай-ақ, "Жағалау күзеті" Өңірлік басқармасына қарасты "Темір баба-авто" өткізу бөлімшесінде шекарашылар Қазақстаннан Түркіменстанға қарай жаяулатып өтіп бара жатқан 46 жастағы Түркіменстан азаматшасынан кедендестірілмеген 20 000 АҚШ долларын тауып, актімен кеден бекетіне тапсырды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны