01.09.2009, 14:22 2607

Мемлекеттің қалтасына қол салғандарды қандай да лауазым жазадан құтқарып қалуға тиіс емес - Назарбаев

Мемлекеттің қалтасына қол салғандарды қандай да лауазым жазадан құтқарып қалуға тиіс емес - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекеттің қалтасына қол салғандарды қандай да лауазым жазадан құтқарып қалуға тиіс емес. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы сессияның барысында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған заң жобалары қабылдануы қажет", - деді Н. Назарбаев.

"Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл тек науқаншылық қана емес, бұл - біздің негізгі басымдығымыз. Кейінгі уақытта бұл жұмыс күрт жанданды. Жоғары дәрежедегі шенеуніктер - орталық министрліктер мен мекемелердің, бірқатар облыстық департаменттердің басшылары тергеуде жүр", - деді президент.

"Турасын айтайын: мемлекеттің қалтасына қол салғандарды қандай да лауазым, қандай да орынтақ жазадан құтқарып қалуға тиіс емес ", - деді президент.

"Сонымен біруақытта сыбайлас жемқорлықпен күресті құқық қорғау органдары қатаң заң шеңберінде, барлық процессуалдық нормаларды сақтай отырып жүргізуге тиіс", - деп атап өткен мемлекет басшысы осы орайда құқық қорғау органдары өз қатарларының тазалығын қадағалауы қажеттігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны