13.01.2016, 16:50 4605

Мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы әзірге нақты шешім қабылданбады - Дәурен Абаев

Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес, Елбасы Парламенттіӊ қос палатасыныӊ спикерлерімен және Премьер-министрмен кеӊес өткізеді. Осыдан кейін ғана нақты шешімді білетін боламыз

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге қатысты ақпараттық агенттіктерден түсіп жатқан сауалға ҚР Президентініӊ кеӊесшісі - Қазақстан Республикасы Президентініӊ баспасөз хатшысы Дәурен Абаевтыӊ жауабы:

- Депутаттардыӊ Мәжілісті тарату мен мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасы жөнінде Президент, әрине, хабардар. Бұл мәселе бойынша әзірге шешім қабылданбады. Өйткені, жан-жақты сараптау қажет. Нұрсұлтан Ибішұлы, алдымен қоғамныӊ және елдегі жағдайды ескере отырып, таразылайды деп ойлаймын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес, Елбасы Парламенттіӊ қос палатасыныӊ спикерлерімен және Премьер-министрмен кеӊес өткізеді. Осыдан кейін ғана нақты шешімді білетін боламыз, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны