23.01.2025, 18:41 30511
Металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға салынған қолданыстағы тыйым 6 айға ұзартылды
Достарға айту
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің элементтерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен әкетуге тыйым салуды енгізу туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бұл норма отандық металлургиялық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету және тиеу мақсатында қабылданды, өйткені ел ішінде қайталама металдарды барынша қайта өңдеу неғұрлым жоғары қосылған құны бар өнім өндірудің, сондай-ақ экологиялық тазалық пен ең аз энергия шығыны үшін стратегиялық маңызды бағыт болып табылады.
Министрлік өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, болат өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл ұлттық өнеркәсіптік саясатты дамытудың негізгі элементі болып табылады.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.02.2025, 11:25 18601
Астанада 11-15 ақпан аралығында "Жұмысшы мамандықтар қаласы" атты бірегей интерактивті көрме өтеді
Достарға айту
Астанада 11-15 ақпан аралығында "Жұмысшы мамандықтар қаласы" атты бірегей интерактивті көрме өтеді, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына"-ның баспасөз қызметінен.
Көрменің бірінші күні "Самұрық-Қазына" мен оның ірі портфельдік компанияларының қызметі жайлы толығырақ білуге болады. Ол үшін EXPO орталығында "Самұрық-Қазына" тақырыптық аллеясы ұйымдастырылады.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін шара барысында интерактивтер, шеберлік сабақтары өтеді және әртүрлі сала қызметкерлері сөз сөйлейді.
Көрме ересектерге ғана емес, мектеп оқушылары үшін де қызықты әрі танымдық болмақ. Осылайша балалар келешектегі жұмысшы мамандықтар туралы көбірек біле алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 11:23 18626
Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді - ІІМ
Достарға айту
Ішкі істер министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс қорытындысы қаралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство басшысы Ержан Саденов қоғамдық кеңес мүшелеріне еліміздегі криминогендік жағдай туралы хабарлады. Ішкі істер министрі соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ахуалдың едәуір жақсарғанын атап өтті.
Қылмыс деңгейі 102 мыңға дейін немесе 11%-ға төмендеді. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 12 700 қылмысқа аз тіркелді. 90-шы жылдарды қарайтын болсақ, ол кезде қылмыс саны 200 мыңнан асатын. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Нөлдік межеге жетуді мақсат етіп отырмыз", - деді министр.
Тәуелсіздік жылдары ішінде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалады. Статистикалық деректер осы тенденцияны растап, криминогендік жағдайдағы елеулі өзгерістерді көрсетіп отыр. Төмендеу ауыр қылмыстар, оның ішінде тонау, ұрлық, зорлау және адам өлтіру сияқты қылмыстарға да қатысты.
Мысалы, 1997 жылы адам өлтірудің 2594 фактісі тіркелсе, өткен жылы 565 факті болды. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар қоғам қауіпсіздігіне ерекше қауіп тудырады. Егер 30 жыл бұрын бір жыл ішінде тіркелген осындай қылмыс саны 1,5 мыңға жетіп отырса, былтыр бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеді. Топтасып жасалған қылмыстар бойынша да оң динамика байқалады. 1992 жылы Қазақстанда 18928 осындай қылмыс тіркелсе, 1994 жылы олардың саны 24712-ге жеткен. Бұл кезең құқық қорғау органдары үшін ең қиын уақыттардың бірі болды. Қылмыстық топтар белсенді әрекет етіп, оларға қарсы күрес көп күш талап етті. Алайда соңғы жылдары олардың саны айтарлықтай азайды. 2024 жылы топпен жасалған қылмыстар саны 5588-ді құрап, 4,5 есе төмендеді. Сонымен қатар министр қылмыс түрлерінің өзгергенін және заманауи технологияларға бейімделгенін атап өтті.
Алаяқтық кең таралуда. Бұл барлық қылмыстардың 42%-ын құрайды. Адамдар пайда табуды көздеп, күмәнді инвестициялар мен пирамидаларға ақша салады. Негізгі себептер - халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі және азаматтардың полицияға кеш хабарласуы. Бұл көптеген елдерге тән құбылыс", - деді Ішкі істер министрі.
Ержан Саденов министрлік осы қауіппен белсенді күресіп, алдын алу шараларын жақсарту және халықтың киберқылмыстар бойынша хабардарлығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы қаралды. Қазіргі құрамдағы кеңес үш жыл бойы жұмыс істеп келеді.
Осы уақыт ішінде ішкі істер органдарының қызметін жақсарту бойынша көптеген маңызды қадамдар жасалды.
Айта кету керек, жалпы құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуі елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін нығайтуда шешуші рөл атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 10:15 20111
Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді
Достарға айту
Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текшее метрге артық. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.
Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізіндегі судың жалпы көлемі - 22,1 млрд текше метр. 2022 жылдың басында 18,9 млрд текше метр болды. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текшее метрге дейін жетеді деп күтілуде.
Солтүстік Арал теңізінің ауданы да ұлғаюда. Бүгінгі таңда ол 3065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 111 шаршы шақырымға көп.
Солтүстік Арал теңізінің ауданы мен көлемінің ұлғаюы судың минералдануың азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.
Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру" жобасы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда "Тәуір" қорғаныс бөгетін салу, Қарашаланкөлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскедегі бөгеттер мен "Қарашалан-1" каналын және оның бас құрылысын реконструкциялау жұмысы аяқталды. Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін Көкарал бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру Солтүстік Аралдың сақталуына және судың тұздылығын төмендетуге ықпал етеді.
Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді. 55 мың гектар күріш алқабы лазерлік жоспарлаушының көмегімен тегістелді, бұл орташа өнімділікті гектарынан 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін арттыруға септігін тигізді.
Су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру үшін шаруалардың инфрақұрылым жүргізу, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Су үнемдеу жүйелерін пайдаланатын дихандар үшін су армалысуға субсидия мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды.
Арал теңізі бассейніндегі аймақты оңалту мақсатында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында 4,4 млн көшет отырғызылды.
2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге тұқым мен көшет отырғызылды. Биыл 428 мың гектарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осының нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс.
Айта кету керек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастапа Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Қазақстанның 2024-2026 жылдар аралығындағы төрағалығы кезеңінде ХАҚҚ Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді. Құжат 10 түрлі бағыт бойынша 40-қа жуық іс-шараны қамтиды.
Президенттің тапсырмаларын іске асыру 2000 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Солтүстік Арал теңізінің су көлемі мен ауданының ұлғаюы судың минералдануын азайтады, бұл оның биологиялық әралуандығын сақтауға көмектеседі және Қызылорда облысының балық шаруашылығының дамуытуға ықпал етеді.
Су үнемдеу технологияларын енгізу және су инфрақұрылымын дамыту Солтүстік Аралға қосымша су көлемін жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға көмектеседі.
Арал теңізінің тартылған аумағын көгалдандыру топырақ эрозиясының алдын алады және құмды, тұзды дауылдармен күресуге көмектеседі.Бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып, жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:43 20961
Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды
Конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау - 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау - 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды
Достарға айту
Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа жеңілдетілген ережелер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы алғашқы шарттар жасалды. Оларды қабылдау жобаларды, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жедел іске қосуға және олардың бағасының көтерілу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар негізінен жергілікті компаниялар болады, бұл аймақтардың бизнесі мен экономикасына қолдау болып саналады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 шілдеде рәсімдерді оңайлатуға және бюрократиядан арылтуға бағытталған "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заңға қол қойды. Заң шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімін барынша қысқартуды қамтитын жаңа Ережелер қабылданды.
Мәселен, конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау - 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау - 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Осылайша, конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең көп дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады.
Рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы өткізілетін конкурс (автоматтандырылған сатып алу тәсілі, жеңімпазды веб-портал айқындайды) арқылы сатып алу жеңімпаздары жиналған ұпайлар негізінде 5 жұмыс күні ішінде (бұрын мерзімі 29 жұмыс күнін құраған) айқындалады. Олар жұмыс тәжірибесі, тұрақты салық аударымдарының болуы, кешіктірулердің болмауы және басқалары үшін беріледі.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мерзімі 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды.
Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1%-дан 2%-ға дейін ұлғайтылды.
Ақмола облысы Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы бойынша байқау елімізде алғашқылардың бірі болып жаңа ережелер бойынша өткізілді. Биылғы 8 қаңтарда жарияланып, қорытындысы 6 жұмыс күні ішінде шығарылды және 16 қаңтарда құрылыс салушы жұмысқа кірісті.
Жобаның құны 2 млрд теңгеден асады. Мердігер рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып, жаңа мемлекеттік сатып алулар бойынша таңдалды, бұл конкурс мерзімін айтарлықтай қысқартты. Бұл бізге құрылысты 16 қаңтарда бастап кетуге мүмкіндік берді. Жоба жыл соңына дейін аяқталады және нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ біз жүйеде қосымша балл алатын жергілікті құрылыс салушыларға назар аударамыз, бұл олардың қатысуын ынталандырады", - деді Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқуанышев.
Спорт мектебінің ғимараты өтпе жол арқылы бір-бірімен байланысқан екі блоктан тұрады. Мұнда тренажер залы, хоккей корты және басқа да жаттығу алаңдары жұмыс істейтін болады. Құрылыс материалдарының 90%-ын жергілікті өндірістен алу жоспарлануда. Ауылдық спорт мектебінің жалпы қабылдау мүмкіндігі - ауысымда 78 адам.
Жаңа ережелер бойынша 330 адам тұратын Батыс Қазақстан облысының Жалын ауылында су құбырын салу бойынша конкурс өткізілді. Жеңілдетілген жүйенің арқасында сатып алу процедурасы алты күнде жүргізілді, бұл жергілікті құрылыс салушыға жұмысқа тез кірісуге мүмкіндік берді. Жобаның құны - 785 млн теңгеден астам. Су құбырының құрылысы ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Түркістан облысы Сарыағаш қаласында жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы басталды. Жобаның құны - 2,7 млрд теңгеден астам. Мердігер 8 жұмыс күні ішінде рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып таңдалған жергілікті компаниялардың бірі болды.
Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салу жобасы бойынша сатып алу рәсімі 7 жұмыс күні ішінде жүргізілді. Жобаның құны - 4,9 млрд теңгеден астам.
Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп салу бойынша сатып алу рәсімі 5 жұмыс күні ішінде жүргізілді, мердігер жергілікті компания болды. Жаңа мектеп салу оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешеді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған мектеп толып кеткен, спорт залы да жоқ. 80 орынға есептелген жаңа екі қабатты мектептің кабинеттері сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.
Жаңа ережелерге сәйкес, осы жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 951,38 млрд теңге сомасына 282 703 шарт жасалды. Салыстыру үшін: өткен жылдың тиісті кезеңінде 223,2 млрд теңгеге 165 558 шарт жасалған.
Берілген шағымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 22%-дан астамға: 1700-ден 1320-ға дейін төмендеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:37 101926
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ауқымды іс-шаралар жоспарлануда
Достарға айту
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ауқымды іс-шаралар жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Батырларға тағзым" онлайн-платформасы іске қосылады. Порталға 1 млн-ға жуық қазақстандық жауынгердің есімі бойынша мәліметтер, сондай-ақ жеке құжаттары мен фотосуреттері енгізілді.
Аида Балаева саланы цифрландыру мәселесіне де жіті назар аудару қажетін айтты. Цифрландыру - мәдениет пен ақпарат саласындағы тың мүмкіндіктер алаңы.
Министрлік мәдени мұраларды сақтау және қолжетімді ету үшін цифрландыруды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады. "E-museum" веб-порталы іске қосылып, Қазақстан музейлерінің виртуалды желісі жасақталмақ. Бұл жоба тарихи-мәдени мұраларға 3D-модельдеу технологиясын қолдану арқылы онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:26 102146
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды
Достарға айту
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс.
Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс.
Бір анығы, Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс. Мен бұған дейін де айттым: Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:23 102356
Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр
Достарға айту
Елорданың Алматы ауданында "Заң және тәртіп" акциясы аясында есірткі граффитилерін анықтау және жою бойынша рейд жүргізілді. Тыйым салынған заттардың жарнамасымен күресуге бағытталған акцияны аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары және "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері қолға алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шараның мақсаты - қауіпті жазуларды жою ғана емес, жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу. Рейд барысында қатысушылар аудан аумағындағы тұрғын үйлердің, жатақханалар мен ғимараттардың қабырғаларына ілінген жазулар, сызбалар, QR кодтар және басқа да жарнама элементтерін бояды.
Алаңдатарлық жағдай, мұндай граффитидің едәуір бөлігі студенттер тұратын оқу орындары мен жатақханалардың жанынан табылды. Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мұрат Маратовтың айтуынша, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұндай шаралардың маңызы ерекше.
Бүгін біз қоғамдық орындарда көрініс тапқан есірткі жарнамаларын жою бойынша ауқымды акция жүргіздік. Мұндай жазулар көбінесе университеттер мен студенттер жатақханаларының маңында пайда болып жатыр. Ал бұл жастарға үлкен қауіп төндіреді. Табылған граффитилердің барлығын бояп тастадық. Қала тұрғындарын сақ болуға шақырамыз, егер мұндай жазуларды байқасаңыз, бей-жай қарамай, әкімдікке немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз", - деді Мұрат Маратов.
Мұндай рейдтер елорданың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Билік азаматтарды елордада тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі бастамаларға қосылуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:21 102541
Алматы қуыршақ театры Канадада Халықаралық фестивальде Гран-при жеңді
Достарға айту
Қазақстанның Мемлекеттік қуыршақ театры 2024 жылы Оттавадағы Халықаралық қуыршақ фестивалінде байқаудың басты марапаты Гран-приді жеңіп алып, әлемдік сахнада серпіліс жасады. Сонымен қатар, қазақстандық театр Батумиде қазылар алқасы тарапынан "Үздік режиссер" номинациясымен марапатталып, Беларуссияда (Гродно) арнайы дипломды иеленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде театр директоры Алмат Амангелді мәлімдеді.
2024 жыл Мемлекеттік қуыршақ театры үшін тарихи жыл болды. Канадада Гран-при жеңіп алған театр қазақстандық қуыршақ өнерінің әлемдік мойындауға лайық екенін дәлелдеді.
Бұл жеңіс - театр ұжымының орасан зор еңбегінің нәтижесі. Біз өнеріміздің әлемдік деңгейге көтеріліп, қазақстандық көрермендердің ғана емес, шетел азаматтарының да таңданысын тудыратынына қуаныштымыз", - деп атап өтті Алмат Амангелді.
Театр Грузияда да халықаралық сахнаны бағындыруды жалғастырды, Батумидегі фестивальде театр қойылымы "Үздік режиссер" жүлдесін алды. Сондай-ақ Беларусьте өткен "Неман үстіндегі қуыршақ" фестивалінде қазақстандық қойылым арнайы дипломмен марапатталды.
Театр сонымен қатар Грузиядағы халықаралық сахнаны жаулап алуды жалғастырды Батуми, театр қойылымы "Үздік режиссер" сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, Беларуссияда өткен "Ляльки над Неманом" фестивалінде қазақстандық қойылым арнайы дипломға ие болды.
Мемлекеттік қуыршақ театры шетелге белсенді гастрольдік сапарларымен барып қана қоймай, Алматы қаласын халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналдыруда.
2023 жылы театр алғаш рет сыншылардың жоғары бағасына ие болған "Almaty Puppet Festival" I Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалін өткізді. 2024 жылы фестиваль екінші рет Польша, Грузия, Болгария, Чехия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан және Қазақстанның ұжымдарын жинады.
Біздің фестиваль әлемдік театр өнері картасында маңызды орынды иеленуде. Біз Алматының әлемнің түкпір-түкпірінен келетін ең үздік қуыршақ театрлары бас қосатын орынға айналғанын қалаймыз", - деп атап өтті Алмат Амангелді.
2024 жылы театр көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленген бес танымал премьераны ұсынды:
1) Белгілі боксшы, олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың батыл рухын дәріптейтін "Чемпион" патриоттық қойылымы;
2) Әлемге әйгілі ертегі желісімен сахналанған ақыл-парасаттың күші және достық туралы сыр шертетін "Етік киген мысық" қойылымы;
3) Гүржістандық режиссердің жетекшілігімен қойылған, қоғамдағы сенімсіздік, бозөкпелік, буллинг туралы "Шекпен" қойылымы;
4) Әйгілі өнер жұлдыздарының қуыршақ бейнесіндегі ерекше қабілеттерін көрсететін "Жұлдызды қуыршақтар" концерттік қойылымы;
5) Белгілі әлемдік ертегі желісімен сахналанған бауырмалдық пен мейірімділік туралы сыр шертетін "Қар ханшайымы" қойылымы.
Біз балалар мен жасөспірімдерге тек көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, сондай-ақ маңызды өмірлік құндылықтарды үйрететін спектакльдерді қоямыз", - деп атап өтті театр басшысы.
Сонымен қатар, өнер ордасы 2024 жылы Гүржістан мемлекетінің Батуми, Тбилиси, Кутаиси, Боржоми, Ахалцихе қалаларында Уильям Шекспирдің әйгілі пьесасы желісімен сахналанған "Макбет. Иллюзия" қойылымын гастрольдік іс-сапар барысында театр сүйер қауымға ұсынып, 1000-нан астам гүржістандық көрермендерді қамтыды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.02.2025, 09:43Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды 10.02.2025, 10:15 19631Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді10.02.2025, 11:23 18146Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді - ІІМ10.02.2025, 11:25 18121Астанада 11-15 ақпан аралығында "Жұмысшы мамандықтар қаласы" атты бірегей интерактивті көрме өтеді10.02.2025, 09:57 12976Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды
06.02.2025, 17:46 113471Түркістан облысында "Ауыл аманаты" және "Ауыл - Ел бесігі" жобаларын біріктіру мәселесі талқыланды06.02.2025, 17:43 112396Алматы облысының әкімі Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды07.02.2025, 16:21 102061Алматы қуыршақ театры Канадада Халықаралық фестивальде Гран-при жеңді07.02.2025, 16:23 101876Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр07.02.2025, 16:26 101666Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды
24.01.2025, 16:38 134581Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 131821Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 131516Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 128856Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда30.01.2025, 18:56 121371Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады