09.07.2014, 22:58 3295

"Метеор-М" ғарыш аппараты Байқоңырдан мақсатты орбитаға сәтті шығарылды

"8 шілде күні Мәскеу уақыты бойынша 19 сағат 58 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Метеор-М" ғарыш аппараты ұшырылды. Зымыран тасығыш қазіргі отандық орбиталық метереологиялық топты толықтырады", - деп хабарлайды Роскосмос.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Шағын 6 ғарыш аппаратының 2-інші нөмірлі "Фрегат" үдеткіш блогы мен "Метеор-М" метео-жер серікті "Союз-2,1б" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Бұл туралы Роскосмостың ресми ғаламтор ресурсы хабарлайды.

"8 шілде күні Мәскеу уақыты бойынша 19 сағат 58 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Метеор-М" ғарыш аппараты ұшырылды. Зымыран тасығыш қазіргі отандық орбиталық метереологиялық топты толықтырады", - деп хабарлайды Роскосмос.

"Метеор-М" 2-ші гидрометеорологиялық және мұхиттық қамтамасыз ету ғарыштық кешені болмақ. Ол ауа райына болжам жасау мақсатында жаһандық гидрометеорологиялық ақпараттарды жедел алуға, жер маңындағы ғарыштьық кеңістіктегі радиациялық жағдайға және озон қабатына бақылау жасауға арналған.

Ресей ғарыш ведомствасының хабарлауынша, "1а" нұсқасымен салыстырғанда "Метеор-М" 3-інші деңгейлі энергетикалық сипатқа ие қозғалтқышқа ие.

"Союз-2.1б"-де де бұрынғыларға қарағанда басқару, тұрақтылығы мен шығаруы әлдеқайда жетілдірілген", - деп хабарлайды ведомство.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны