31.08.2012, 14:56 7086

Ми-17 тікұшағының "қара жәшігіндегі" жазбаларды тексеру белгісіз мерзімге созылды

2012 жылдың 22 тамызында таңғы сағат 8 шамасында Астана әуежайының маңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан төрт адамнан тұратын экипаж қаза тапты.

Астана. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Ми-17 тікұшағының "қара жәшігіндегі" жазбаларды тексеру белгісіз мерзімге созылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Мен тергеушілермен сөйлестім. Олар тергеу әлі аяқталған жоқ деді", - деп мәлімдеді ҚР ведомствосының баспасөз хатшысы Ақбар Ибділдин.

"Қара жәшіктегі" жазбаларды тексеру бүгін, 31 тамызда аяқталуы тиіс болатын. Бұған дейін хабарланғандай, заңнамамен бекітілген мерзімге сәйкес тексеру қорытындысы 10 күн ішінде мәлім болуы керек еді.

Еске сала кетсек, 2012 жылдың 22 тамызында таңғы сағат 8 шамасында Астана әуежайының маңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан төрт адамнан тұратын экипаж қаза тапты.

"Осы қайғылы оқиғаны зертттеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазіргі уақытта апат орнында Ұшу қауіпсіздігі және мемлекеттік авиация бас басқармасының, Қорғаныс министрлігінің, прокуратураның, ІІМ әскери-тергеу басқармасының өкілдері жұмыс жасауда", - деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында. Ал Қазақстанның Қорғаныс министрлігі осы апат салдарынан қаза тапқан 4 экипаж мүшесінің есімдерін жариялады.

Сондай-ақ, тергеу апатқа ұшыраған тікұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбаларды тексеруді бастады. Қазақстан әскері Астана маңындағы апатты тергеу аяқталғанға дейін Ми-17 тікұшағында ұшуды тоқтататын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны