08.09.2009, 16:55 2690

МИ-8 тікұшағы құлаған маңда құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда - ҰҚК

МИ-8 тікұшағы құлаған маңда құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда - ҰҚК

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - МИ-8 тікұшағы құлаған маңда құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда, әскерилердің өлімі жайлы расталған дерек әлі де жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Амангелді Ибілханов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазір құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда, әлдекімді тапқаны, әлдекімдердің қазасы жайлы нақты мәлімет әлі де жоқ", - деді А. Ибілханов.

Ол тікұшақ апатынан зардап шеккен үш адамның Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенін еске салды, ал "Алматыдан дәрігерлердің екі бригадасы ұшып шыққан".

Амангелді Ибілхановтың айтуынша, тікұшақ апатынан зардап шеккендер оқиға туралы алғашқы хабарды жеткізген. "Олар ұшып жеткен кезде белгісіз бес адамды көрген. Топтың жетекшісі қонатын орынды табуға бұйрық берген. Қонатын кезде болған бір оқиға апатқа себепкер болғанға ұқсайды", - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары.

Еске сала кетейік, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ұғам шатқалы маңында ішінде 13 әскериі бар тікұшақ апатқа ұшырады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шекара әскерлерінен қарулы алты қылмыскер қазақ-өзбек шекарасынан заңсыз өтуге әрекеттеніп жатыр деген ақпарат келіп түскен.

"Осыған байланысты ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының қолбасшылығы қылмыскерлердің шекарадан өту мүмкіндігі бар тұстарда шекара күзетін күшейтуге шешім қабылдаған. Ұғам шатқалының таулы бөлігіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының Сарыағаш шекара отрядының "Арлан" барлау-іздеу тобы Ми-8 тікұшағымен ұшып шыққан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны