22.01.2007, 18:56 3068

"Мигрант" іс-шарасы барысында Қазақстаннан 1,8 мыңнан астам шетелдік шығарылды

АЛМАТЫ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының 8-20-шы қаңтар аралығында жүргізген "Мигрант" жедел - алдын-алу іс-шарасының аясында республикадан көші-қон заңын бұзғаны үшін 1866 шетелдік азамат шығарылды, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының ІІМ ақпарат және бұқарамен байланыс орталығынан.

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, "жүргізілген іс-шараның негізгі мақсаты заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, республикаға заңсыз келіп, еңбек істеп жүрген тұлғаларды табу екендігі" айтылған.

Полицейлердің мәліметтері бойынша, жүргізілген іс-шара аясында шетелдік жұмыс күшін тартып отырған 3661 кәсіпорын мен ұйымдар тексеріліп, 599 заңсыз еңбек мигранттары анықталды. 272 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, 18 688 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды, олардың 17 559-ы ТМД азаматтары және 1129-ы алыс шет елдердің азаматтары. 34 қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, іздеуде жүрген 240 тұлға ұсталды, олардың 210 Қазақстан азаматтары, 29-ы ТМД азаматтары. 41 адам қылмыс жасағандары үшін құрықталса, олардың 14-і есірткі сақтағаны және сатқаны үшін ұсталып отыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, "Мигрант" іс-шарасы Қазақстандағы 2006 жылдың 1-тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында жүргізілген бір реттік заңсыз иммигранттарды заңдастыру іс-шарасының аяқталуына байланысты жүргізілген

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны