28.04.2010, 16:12 3188

"Мигрант" іс-шарасының нәтижесінде елімізде болу ережесін бұзғаны үшін 14 мыңнан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

"Мигрант" іс-шарасының нәтижесінде елімізде болу ережесін бұзғаны үшін 14 мыңнан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде елімізде болу ережесін бұзғаны үшін 14 мыңнан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Елімізде 21-25 сәуір аралығында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Қазақстанға заңсыз келген адамдарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасының 2-ші кезеңі өткізілді",-деді ресми өкіл.

Операция нәтижесінде, Қ.Жұмановтың айтуынша, елімізде болу ережесін бұзғаны үшін 14 мыңнан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз кіргені, елде болу мерзімі асып кеткен соң шығудан жалтарғаны және басқа да құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сот шешімдері бойынша 2 мыңнан астам шетелдік азамат елімізден шығарылды, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны