17.07.2007, 12:39 2616

"Мигрант" шұғыл алдын алу шарасы барысында еліміздің көші-қон заңын бұзған ТМД-ның 317 азаматы мен 6 алыс шетел азаматтары Қазақстан аумағынан аластатылды

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. "Мигрант" шұғыл алдын алу шарасы барысында еліміздің көші-қон заңын бұзған ТМД-ның 317 азаматы мен 6 алыс шетел азаматтары Қазақстан аумағынан аластатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 275 шетел азаматы қабылдап-таратқышқа тоғытылды. Олардың 16-сы алыс шетел, 259-ы ТМД азаматтары. "Іздеуде жүрген 15 адам ұсталды, соның ішінде алыс шетелдерден - бір, ТМД елдерінен - бір, Қазақстаннан - 13 азамат ұсалды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының хабарлағанындай, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3095 шетел азаматы, соның ішінде алыс шетелдерден келген 139 және ТМД елдерінен келген 2956 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара ағымдағы жылдың маусым айының 10 мен 15 аралығында Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумағында осы облыстардың тәртіп сақшылары мен көліктегі Батыс ІІД қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылды. "Осы мерзімде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 325 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. Қазақстан азаматтары мен лауазым иелері тарапынан шетелдіктерді тиісті рұқсатсыз жұмысқа тартуға қатысты 43 дерек анықталды. Кінәлі адамдарға қатысты әкімшілік шара қолданылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны