27.12.2007, 15:12 2989

"Мигрант"операциясы кезінде 10446 шетелдіктің ҚР келу тәртібін бұзғандығы анықталды

"Мигрант"операциясы кезінде 10446 шетелдіктің ҚР келу тәртібін бұзғандығы анықталды

Астана. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Республика бойынша 20-24 желтоқсан аралығында "Мигрант" операциясын өткізу барысында 10446 шетелдік азаматтың келу жөнінде ҚР тәртібін орындамағаны анықталды. Бұл туралы агенттікке бүгін ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығында хабарлады.

"Профилактикалық "Мигрант" операциясын жүргізу кезінде 10446 шетелдіктің Қазақстан республикасына келу тәртібін бұзғандықтары анықталды. Оның 9916 ТМД елдерінің азаматтырыболса, 530 шетелдіктер. Олар әкімшіліктің жауапқа тартылды", - деп хабарлады баспасөз орталығында.

Полицяя қызметкерлерінің ақпараты бойынша, көші-қон заңын бұзғаны үшін 1218 шетелдік елден аластатылып, 23 қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, шетелдік жұмысшыларды пайдаланып отырған 1945 кәсіпорын және ұйымдар тексерілді. Шетелдік азаматтарды еңбекке тарту жөнінде тіртібін өрескел бұзған 202 жұмыс беруші әкімшіліктік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, шетелдіктерді шақыру тәртібін орындамаған 1380 қазақстандық әкімшіліктік жазаға тартылды.

Тексеру кезінде іздеуде жүрген 103 адам табылды. Оның 92 Казақстандық, 10 ТМД және біреуі шетелдің азаматы. Операция кезінде қылмыс жасаған ТМД 14 азаматы құрықталды.

Профилактикалық "Мигрант" шарасы орнатылған тәртіптің орындалуын бақылап, елге заңсыз келгендерді және ондай жолдарға тосқауыл қою мақсатында өткізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз орталығында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны