17.02.2014, 20:16 3562

Минскіде ЕЭК аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық сұрақтары талқылануда

Сонымен қатар, Кедендік кеңестің сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына өзгертулер енгізу, Кедендік кеңестің жеке тауар түрлеріне қатынасындағы Бірыңғай кедендік тариф, Еуразия экономикалық кеңес туралы келіссөз жобасы бойынша реттелмеген мәселелер туралы және т.б. мәселелер қарастырылады.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Минск қаласында Консультативтік комитеттің сауда бойынша Еуразия экономикалық комиссиясының 2 отырысы өтеді. Отырысқа ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т. Жақсылықов пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

"Күн тәртібінде сауда саясатының, өнеркәсіп және агроөндіріс кешені, табиғи монополия, көлік және энергетика, салық және валюта саясаты мен қаржы нарығы сұрақтары қаралмақ", - деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлады.

Сонымен қатар, Кедендік кеңестің сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына өзгертулер енгізу, Кедендік кеңестің жеке тауар түрлеріне қатынасындағы Бірыңғай кедендік тариф, Еуразия экономикалық кеңес туралы келіссөз жобасы бойынша реттелмеген мәселелер туралы және т.б. мәселелер қарастырылады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның бастапқы міңдеттері - Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызмет етуіне жағдай жасау және оның әрі қарай интеграциялық дамуы барысындағы ұсыныстарды жетілдіру болып табылады.

Қазіргі уақытта ЕЭК-тың құрамына үш мемлекет кіреді: Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны