30.04.2014, 21:50 6194

Минскіде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелері талқыланды

Отырыс кезінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі ережелері қосымша талқыланды, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке Армения Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу барысы қаралды.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс кезінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі ережелері қосымша талқыланды, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке Армения Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу барысы қаралды.

Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары шартты дайындауда ілгерілеушілік барын айтты, сондай-ақ оны әзірлеуге іскер топтардың белсене қатысқанын атап өтті.

Үш елдің көшбасшылары құжаттардың келісілу үдерісін оң бағалап, мұның мемлекеттер арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың жоғары деңгейінің нәтижесі екенін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны