05.02.2021, 19:00 16361

Мишустин Қазақстанға "COVID-19-сыз саяхат" сервисіне қосылуды ұсынды

Ресей Федерациясы қосымшаны 1 ақпаннан бастап қолданып жатыр. Бұл қосымша елдер арасындағы байланысты нығайтады. Қазір Ресей, Армения және Беларусь сәтті пайдаланып жатыр/
Нұр-Сұлтан. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин "Digital Almaty 2021- Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" атты халықаралық форумда қазірдің өзінде кеңінен таралған "COVID-19-сыз саяхат" мобильді қосымшасы туралы мәлім етті.
 
Спикердің айтуынша, "COVID-19-сыз саяхат" қосымшасы алдағы уақытта ЕАЭО елдері арасындағы туристік шекараны кеңейтеді.
 

Ресей Федерациясы қосымшаны 1 ақпаннан бастап қолданып жатыр. Бұл қосымшаны барлық мемлекет қолданады деп сенемін. Ол елдер арасындағы байланысты нығайтады. Қазір Ресей, Армения және Беларусь сәтті пайдаланып жатыр", - деді Михаил Мишустин.

 
Саяхатқа шығатын адам бұл қосымшаны телефонына жүктеп алып, тіркеледі. Ұшақпен ұшуға 72 сағат қалғанда сонда белгіленген зертхананың бірінен тесттен өтеді. Егер тест теріс нәтиже көрсетсе ол қосымшада көрсетіледі және QR-кодпен расталып, әуежайға жолдама береді. Осылайша азамат еркін саяхаттау мүмкіндігіне ие болады.
 
Михаил Мишустин бұл жаңа қызметті пайдалану Қазақстан үшін цифрландыру саласындағы тағы бір тәсіл болатынын атап өтті.
 

Бағдарламаның артықшылығы - тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен жағдайда азаматтар әуе көлігімен Ресей Федерациясына бара алады. Жақын арада Қазақстан да осы қосымшаны пайдаланады деп сенемін", - деді Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин.


Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны