02.03.2011, 16:30 3414

ММГ бас директоры елбасына компанияның 2015 жылға дейінгі даму перспективалары туралы баяндады

ММГ бас директоры елбасына компанияның 2015 жылға дейінгі даму перспективалары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - ММГ бас директоры елбасына компанияның 2015 жылға дейінгі даму перспективалары туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның бас директоры Алик Айдарбаевты қабылдады.

А. Айдарбаев Президентке "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның 2010 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндаған.

"Мен Мемлекет басшысына компанияның 2015 жылға дейінгі даму перспективалары туралы және "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның жаңа технологияны енгізуде қандай жұмыстар жүргізіп отырғаны жөнінде баяндап бердім", - деді А. Айдарбаев журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны