28.05.2014, 22:00 2355

ММУ-дегі дәрістің басты идеясы - экономиканы бірлесіп әртараптандыру - сарапшы

Сарапшының пікірінше, сәуір айындағы Президент лекциясының басты идеясы экономиканы бірлесе отырып әртараптандыру мүмкінідіктерін құру болып табылады.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Мәскеуде өткен ЕАЭО құру мәселесі бойынша дөңгелек үстел барысында "Север-Юг" орталығының басшысы Юлия Якушева Н.Назарбаевтың биылғы жылдың сәуір айында М.Ломоносов атындағы ММУ-де оқыған дәрісіне тоқталды.

"1994 жылы Нұрсұлтан Назарбаев интеграциялық жобаның прагматизмін құруды айқындап берді. Қазіргі таңда қазақстандық көшбасшы еуразиялық жобаның бірыңғай кедендік кеңістіктен толыққанды Еуразиялық экономикалық одақ деңгейін көтерді", - дейді Ю. Якушева.

Сарапшының пікірінше, сәуір айындағы Президент лекциясының басты идеясы экономиканы бірлесе отырып әртараптандыру мүмкінідіктерін құру болып табылады.

Сонымен қатар, ол Қазақстан өз экономикасын дамытуда қолданып жатқан тәжірибелеріне тоқтала кетті.

"Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформа жасау тәжірибесі көптеген посткеңестік елдерге үлгі боларлықтай. Бұл тәжірибе Еуразиялық экономикалық одақ аясында қолданылуы мүмкін", - дейді Ю.Якушева.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны