09.12.2012, 10:19 29629

Моноқалалар - Қазақстан экономикасы өсуінің болашағы

2012 жылғы қаңтар айындағы Қазақстан халқына арнаған "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаев Үкіметке Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Моноқалалар - Қазақстан экономикасы өсуінің болашағы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы қаңтар айындағы Қазақстан халқына арнаған "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаев Үкіметке Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты, үстіміздегі жылғы мамыр айында Үкімет аталған бағдарламаны қабылдады. ҚР ЭДЖМ ақпарына қарағанда, оған қатысуға халық саны 1,5 млн адам болатын (ел халқының 16%) 27 моно қала іріктеліп алынған.

Олардың ішінде анағұрлы ірілері - Қарағанды облысындағы Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Костанай облысындағыРудный, Павлодар облысындағыЕкібастұз, Шығыс Қазақстан өңіріндегі Риддер, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қалалары. Бұл қалалардағы халық саны 50 мыңнан 180 мыңға дейін жетеді.

Бірсалалы қалалар деп өнеркәсіп өндірісі мен халықтың жұмыспен қамтылуы бір немесе екі қала құраушы кәсіпорындарға бейімделген қалаларды атайды.

Бағдарлама жұмыссыздық пен жұмысқа орналастыру, ШОБ қолдау көрсету, коммуналдық инфрақұрылымды түбегейлі жаңғырту, қазіргі заманғы өмірдің әлеуметтік жағына батыл өзгертулер енгізу (жаңа мектептер, ауруханалар, балалар бақшалары, сапалы тұрғын үй) мәселелерін шешуді көздейді.

Бұл ішкі көші-қонға ықпал етіп, қалалықтардың кәсіби тұрғыдан алғанда сапалы құрылымын қалыптастыруға әсер етеді. Кезінде тоқырауға ұшырап, жабылып қалуға шақ қалған кәсіпорындар енді қайта жаңғыртылып, экономикалық тиімді әрі бәсекеге қабілетті өндіріс орындарына айналатын болады. Сондықтан, қайта даярлау, оқыту, біліктілікті арттыру, нақты жалақысы бар жұмыс орындарымен қамтамасыз ету - келешек моноқалалардың басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Үкімет алға қойып отырған тағы бір мақсат, бұл индустриялдық өсу мен өнеркәсіпті қалпына келтіру. Оның негізі - заманауи және сұранысқа ие өндірістің пайда болуы. Моноқалалардың басшылары осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаңа құрылымның кәсіби мамандарын даярлау арқылы және бірқатар инфрақұрылымдық қолдау көрсетуі қажет.

"Барлық қалаларда бірдей өсу нүктелерін құру мүмкін еместігі белгілі, сондықтан қазір Алматы, Ақтау, Шымкент сияқты ірі қалалардың маңында шоғырлану жүріп жатқандықтан, бұл қалаларда ғылым мен білімді, құрылысты дамыту қажет. Мемлекет азаматтардың мұндай қалаларға көшуіне жағдай жасайтын болады", - деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттің келешегі бар қалаларға қоныс аудару туралы ұсынысы ақылға қонымды. Оның үстіне, мұндай қадамдар барлық деңгейде жан-жақты ойластырылып, маңызды әлеуметтік қолдау жиынтықтарымен бекітіледі.

"Көшіп келген жұрттың жаңа жерде жұмысқа орналасуы анағұрлым маңызды мәселелердің бірі болып табылады, себебі бұл істің мақсаты халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету емес, керісінше, жұмыспен қамтамасыз етуді, сол жаңа жұмыс орны арқылы жалгерлік тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейді. Жұмыспен қамту бағдарламасынан басқа, тек моноқалаларды жұмыспен қамту мақсатында ғана 8 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қамту вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Мұнда да бағдарламаның экономикалық жағын түсіну үшін ақша мәселесіне тоқтала өтуге тура келеді. Ол бойынша, 2013-2015 жылдары жүзеге асырылуы тиіс бірінші кезең үшін 135 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

27 қазақстандық моноқалаларыдың әрқайсысы үшін жеке даму жоспары жасалған. Бұған қосымша жаңа өзгерістерді заңды түрдегі енгізу тетігі іске қосылған. Осы сапалы құқықтық негіздемелер алға қойған мақсаттарды жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Үкімет толыққанды әрі тиімді "ойын ережесін" - бағдарлама бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің шарттарын, тетіктері мен тәртіптерін әзірлеуде.

Түпкі мақсатқа келер болсақ, бағдарламаны әзірлеушілер оны жүзеге асырудың бірнеше кезеңіне бөлген. 2015 жылға қарай перспективалы моноқалаларда өнеркәсіп өндірісінің көлемін 20% көтеру жоспарланған. Шағын кәсіпорындардың саны екі есе ұлғайтылады. Жұмыссыздар көрсеткішін 5,5% азайту арқылы бұл жағдайға да үлкен өзгерістер енгізіледі.

Көлемді мақсаттарды жүзеге асырудағы отандық тәсілдердің ерекшелігі - жоспарды алға сүйреуші және қолдаушы ретінде қазақстандық нарықтың салалық ірі ресурстары - ұлттық компанияларды тарту болып табылады. Моноқалаларды дамыту бағдарламасында да өзін өзі жақсы жағынан танытқан әрі бұрыннан белгілі осы тәжірибе толыққанды пайдаланылатын болады. Бұл осы бағдарлама жүзеге асқан жағдайда негізі пайда көруші болып табылатын қазақстандық моноқалалардың 1,5 миллионнан астам тұрғындарына қосымша ынта-жігер мен сенімділік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны