Система Orphus

Мораторий мерзімі аяқталған кезде тексеруші органдар шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жапа-тармағай кірісуге тиіс емес - мемлекет басшысы

08.06.2009, 15:38 1358

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мораторий мерзімі аяқталған кезде тексеруші органдар шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жапа-тармағай, жанталаса кірісуге тиіс емес. Бұл туралы президент бүгін дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Кешікпей мораторий аяқталады, сосын тексеруші органдардың бизнес-құрылымдарға шырылдауық шегірткеше жапа-тармағай тексеруге кірісуіне жол бермеу үшін қадағалау қажет", - деді Н. Назарбаев. Сонымен бірге ол мораторий аяқталатын сәтке дейін шағын және орта бизнесті тексеруге қатысты барлық заңнамалық процедуралар реттелуге тиіс екенін атап өтті.

"Заңнаманы және заңға бағынышты актілерді дайындап үлгеру керек. Бұл - барлық кәсіпкерлер үшін аса жағымды жаңалық болмақ", - деді президент.

Н. Назарбаев "сонымен бірге мораторий уақыты аяқталғаннан заң жұмыс істей бастағанға дейінгі аралықта да тексерулерді реттеу қажеттігін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны