21.05.2015, 11:41 4009

Мотоатқыш әскери қызметшілер ашық аспан астында екі түн өткізді

«Оӊтүстік» өӊірлік қолбасшылығыныӊ 5-ші механикаландырылған бригадасыныӊ әскерилері Қаратау жоталары арқылы үш күн бойы таулы аймақта шеру жасады. Мотоатқыштар батальоныныӊ командирі майор Жаннұр Сатқыновтыӊ басшылығымен офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жалпы 70 шақырымды құрайтын күрделі таулы аймақтан жаяу өтті

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - «Оӊтүстік» өӊірлік қолбасшылығыныӊ 5-ші механикаландырылған бригадасыныӊ әскерилері Қаратау жоталары арқылы үш күн бойы таулы аймақта шеру жасады. Мотоатқыштар батальоныныӊ командирі майор Жаннұр Сатқыновтыӊ басшылығымен офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жалпы 70 шақырымды құрайтын күрделі таулы аймақтан жаяу өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жуырда жауынгерлік оқу-жаттығу дабылы бойынша бригада қауырт көтерілген болатын. Қызмет орнына келген мотоатқыштар батальоныныӊ командиріне толық жабдықпен және штаттық қарумен шеру жасау міндеті жүктелді. Бұл бөлімше басшылығына жүктелген үлкен жауапкершілікті білдіреді. Таулы жерлерден сәтті өту тек сапалы ұйымдастырудыӊ нәтижесінде іске асады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
«Біздіӊ батальон басқа бригадалар сияқты келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен толық жасақталған. Олар өз ісіне мығым тәжірибелі, қару қолдануды жете білетін, қиыншылыққа төтеп бере алатын жігіттер», - деді мотоатқыштар батальоныныӊ командирі майор Жаннұр Сатқынов.
Таулы аймақтардан өткен кезде АК-74 автоматтарын, ПКМ, РПК зеӊбіректерін, РПГ-7, АГС-17 граната лақтырғыштары және басқа да қаруларды алып жүрді. Жүктерге қосымша зат салынған қаптар, жүкті жеӊілдететін кеудешелер, ұйықтайтын қаптарда болды. Екі түн бойы мотоатқыштар қарауыл мен жауынгерлік күзет ұйымдастырып таулы ашық аймақта жаттықты.
200-ден аса сарбазды құрайтын әскери ұжымныӊ жауынгерлік рухы жоғарғы болды. Себебі батальон командирі толық жабдығы мен қаруын асынып шеру тобымен қатар ілесіп жүрді. Сонымен бірге батальон командирініӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Бекболат Жандарбековтіӊ белсенді жұмысы ықпал етті. Искери қызметшілер тұрақты орналасу жеріне белгіленген мерзімде келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны