23.01.2014, 20:41 8172

Мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру біреуден көмек күту саясатынан құтылуға мүмкіндік береді - А.Ивкин

Мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру оларға біреуден көмек күту саясатынан құтылуға мүмкіндік береді. Себебі, оларға жұмыс істеу арқылы өзіне және қоршаған ортасына пайда әкелу тиімдірек, әрі пайдалы және қызықты, деді Қарағанды облысының "Лайықты өмір" оңалту орталығы" ҚҰ төрағасы Александр Ивкин.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру оларға біреуден көмек күту саясатынан құтылуға мүмкіндік береді. Себебі, оларға жұмыс істеу арқылы өзіне және қоршаған ортасына пайда әкелу тиімдірек, әрі пайдалы және қызықты, деді Қарағанды облысының "Лайықты өмір" оңалту орталығы" ҚҰ төрағасы Александр Ивкин.

"Еліміздің кембағал жандары Елбасының халыққа Жолдауында бизнес құрылымдарына оларды көптеп жұмысқа тартуға шақыруын ерекше ынтамен қабылдады. Себебі, физикалық мүмкіндігіне қарамастан әр отандасымыздың қажырлы еңбегі Қазақстанның нығая түсуіне кепіл бола алады. Сондай-ақ, жарымжан жандарды жұмысқа орналастыру олардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді", - деді Александр Ивкин.

Қоғамдық ұйымының жетекшісі атап өткендей, ол ұжымымен бірге Елбасының мүгедектер үшін кедергісіз орта орнату ұсынысын рухтаныпты.

"Мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру оларға біреуден көмек күту саясатынан құтылу мен қатар, оларға жұмыс істеу арқылы өзіне және қоршаған ортасына пайда әкелу тиімдірек, әрі пайдалы және қызықты", - деп Оңалту орталығының жетекшісі өз сөзін толықтырып өтті.

А.Ивкиннің айтуынша, Ұлт көшбасшысының Жолдауы бей-жай қарамайтын азаматтарға, әсіресе кембағал жандар үшін маңызды.

"Бастысы Президенттің үміті мен армандарын ақтау. Елбасы өз сөзінде жұмыссыздық, кедейшілік деңгейін төмендету қажеттігін ашық айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттірді жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік органдар мен аймақ басшысылары атсалысуы керек деп ескертті. Осылайша тұрғындар біреуден көмек күту көңіл-күйінен арылады. Ал, мемлекеттен әлеуметтік көмек алатындардың барлығына жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысуды міндеттеу еліміздің ертеңіне ерекше сенімді ұялатты. Сонымен қатар, Президентті осы талап міндеттер уақытылы орындалатын болады деп сендіргім келді", - деп А. Ивкин өз ойын қорытындылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны