10.01.2007, 17:07 3234

Мұхтар Алтынбаев қорғаныс министрі лауазымына азаматтық тұлғаның тағайындалуы негізді деп санайды

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Данил Ахметовтың үкіметінде қорғаныс министрлігін басқарған Мұхтар Алтынбаев қорғаныс министрі лауазымына азаматтық тұлғаның тағайындалуы негізді деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бұл шешімге көптен бері бел буған едік",- деп мәлімдеді бүгін М.Алтынбаев парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында. "Президент бұл шешімді жай ғана қабылдай салған жоқ. Өйткені біз Қарулы күштерді реформалау барысында штаб пен қорғаныс министрлігінің атқаратын барлық міндеттерін бөлдік. Министрлік көбінесе саяси мәселелермен, ал ал штаб - әскерлердің мәселесімен шұғылданады",- деді ол. "Сондықтан да мәселеге ақырғы нүкте қойылды",- деді М.Алтынбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі лауазымына бұрынғы үкімет басшысы, азаматтық тұлға - Даниал Ахметовтың кандидатурасын ұсынды. Ал Армия бас штабының бастығы лауазымына Мұхтар Алтынбаевтың кандидатурасы ұсынылды.

Мұхтар Алтынбаев 1945 жылы Қарғандыда туған. Иуе қорғанысы күштерiнiң Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесiн, Иуе қорғанысы күштерiнiң Искери командалық академиясын тәмәмдаған.

1969 жылдан бастап армияда. Полк, дивизия командирi, Қорғаныс министрiнiң орынбасары - корпус командирi, республика Искери - Иуе күштерiнiң қолбасшысы - Қорғаныс министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Иуе қорғанысы күштерiнiң қолбасшысы болып тағайындалған.

1996-1999 жылдары, содан кейiн 2001 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi болды.

Д.Ахметов 2003-жылдың маусым айынан бері Қазақстан үкіметін басқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны