06.02.2018, 16:48 5587

Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаты болып тағайындалды

2018 жылдыӊ 5 ақпанында Президент жарлығымен 2018 жылдыӊ 1 ақпанында тағайындалған Парламент сенатыныӊ депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтіӊ төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы өтті. Орталық сайлау комиссиясы отырысында Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 5 ақпанында Президент жарлығымен 2018 жылдыӊ 1 ақпанында тағайындалған Парламент сенатыныӊ депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтіӊ төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы өтті.

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Ишімбаев Мәулен Сағатханұлыныӊ өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды. Депутаттыӊ өтініш беруі негізге алынып, М. Ишімбаевтіӊ ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады.

ҚР Конституциясы 52 бабыныӊ 5 тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы "Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті және оныӊ депутаттарыныӊ мәптебесі" туралы Конституциялық заӊға сәйкес және М. Ишімбаевтіӊ өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау Комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Ишімбаев Мәулен Сағатханұлыныӊ өкілеттілігін мерзімнен бұрын тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны