17.07.2014, 20:51 2745

Мүлікті заңдастыру халыққа да, мемлекетке де тиімді - Қаржы министрлігі

"Ақшаны заңдастыру құқығын пайдалана отырып азаматтар барлық қаражаттың 10 пайызын үнемдейді. Осы орайда бұл мәселе заңнамамен қарастырылған. Егер қаражат бір есеп шотынан екінші бір есеп шотына аударылмай қалған жағдайда заңдастырағаны үішн жинақ міндеттері туындамайды", - делінген хабарламада.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Ақшаны заңдастыру науқанының берері мол. Ол халыққа да, ел экономикасына да тиімді, - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

Заңдастырудың пайдаларының бірі заңдастырылатын ақшаның табыс ретінде қаралмай, оған салық салынбайтыны.

"Ақшаны заңдастыру құқығын пайдалана отырып азаматтар барлық қаражаттың 10 пайызын үнемдейді. Осы орайда бұл мәселе заңнамамен қарастырылған. Егер қаражат бір есеп шотынан екінші бір есеп шотына аударылмай қалған жағдайда заңдастырағаны үішн жинақ міндеттері туындамайды", - делінген хабарламада.

Қолға алынып отырған науқанның ерекшелігі сонда, азаматтарға заңдастыру құралын таңдау құқығы ұсынылады.

Екіншіден, үш жыл ішінд екінші деңгейлі банктерде қаражатты сақтай отырып нарықтың үстемемен сыйақы алуға болады.

Екіншіден, ақшаны мерзімінен бұрын пайдалану керек болса, онда мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу, екінші деңгейлі банктердің, ұлттық басқару холдингтері мен компаниялардың, даму институттарының облигациясын сатып алу мен "Халықтық IPO" бағдарламасы аясындағы науқандар және Қазақстандық қор биржасына қойылған құнды қағаздарды сатып ала отырып экономикаға инвестициялауға болады.

Үшіншіден, азаматтар жекешелендірудің екінші толқыны аясында нысандар ала алады.

Бұрындары да аталғандай, ақшасын заңдастыратын азаматтар жоғарыда көрсетілген механизмдерді пайдаланғысы келмесе, онда аталмыш қаражаттың 10 пайызын бюджетке төлейді.

Айта кету керек, жоғарыда аталған әдістердің қайсы болмасын отандық экономиканы дамытуға және азаматтардың қаражатын заңдастыра отырып пайда табуға бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны