26.01.2010, 17:13 3186

Мұнай кенішін тауып алған жер қойнауын пайдаланушылар онда өнім өндіру құқығына артықшылықпен ие болады

Мұнай кенішін тауып алған жер қойнауын пайдаланушылар онда өнім өндіру құқығына артықшылықпен ие болады

Астана. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Мұнай кенішін тауып алған қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар онда өнім өндіру құқығына артықшылықпен ие болады. Осындай мүмкіндік "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы" үкімет әзірлеген заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Атап айтсақ, заңның 58-ші бабының 1-тармағы жаңа редакцияда қабылданды, онда "кенішті барлау жөніндегі шартқа сәйкес тауып алып, бағалаған жер қойнауын пайдаланушы тікелей келіссөздердің негізінде байқау өткізбей-ақ, өнім өндіру жөнінде шарт жасасуға бөлекше құқық алады", делінген заң жобасында.

Осы орайда жаңа заң жобасының 58-ші бабының 3-тармағында былай делінген: "барлауды жүзеге асырған мердігердің мүддесін бұзбау үшін өнім өндіру жөніндегі келісімнің шарттарын уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдаланушы бірлесе отырып айқындауға тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны