09.06.2014, 22:24 2851

Мұнай және газ министрі БҚО нысандарының жұмысымен танысты

Орал қаласы әкімдігінің хабарлауынша, министрдің БҚО сапарының мақсаты Қарашығанақ пен өзге де кен орны және мұнай нысандарының жағдайымен танысу, сонымен қатар үдемелі индустриялық-инновациядық даму мемлекеттік бағдарламасы жобаларының іске асу барысымен танысу.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Орал қаласы әкімдігінің хабарлауынша, министрдің БҚО сапарының мақсаты Қарашығанақ пен өзге де кен орны және мұнай нысандарының жағдайымен танысу, сонымен қатар үдемелі индустриялық-инновациядық даму мемлекеттік бағдарламасы жобаларының іске асу барысымен танысу.

"Біз жыл соңына дейін Қарашығанақтағы өндірістің жоспарға сай орындалатынан үміттіміз. Сонымен қатар, біз Ақсай индустриялды паркіне барып, Қарашығанақ жобасының қажеттілігіне құрылғы дайындау жұмыстарымен таныстық. Бұл жерді мен осымен үшінші рет көріп отырмын, айтарлықтай алға ілгерілеушіліктер бар. Енді осы жұмыстарды арттыруды ойластырып отырмыз. Индустриялды парк көптеген инвесторлардың кен орындарында қазақстандық қамтуға қаншалықты көңіл аудару қажеттілігіне мысал бола алады. Онда қазақстандық қатысумен бірлескен кәсіпкерліктер қолға алынуда", - дейді министр.

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, министрлік делегациясы облысқа үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен танысу мақсатында келген. Сонымен қатар, тағы бір мақсаты күн тәртібіндегі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Осының барлығы ҮИИД МБ-на енетін нысандардың жағдайы туралы баяндамаға енгізілді. Қазіргі таңда бағдарламаға "Конденсат" АҚ зауытын кеңейту жобасын енгізу жайы талқылануда.

"Біз мердігерлермен газ жән мұнай құбырларында пайда болған ақауларды жою жұмыстарының жоспарын талқылаудамыз. Аталмыш жұмысты маусым айының соңына дейін бітіру керек. Сол кезде Қашағанның қашан жұмысқа кірісетіні белгілі болады. Біздің алдын ала есептеулер бойынша, 2015 жылдың соңына дейін өндіріс жаңартылмайды. Ал Қашағанның қажетті өндірісті атқара алмауынан біз қалған нысандарды толықтай игеруіміз қажет", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны