07.02.2011, 17:30 3724

Мұсағали Жұмабеков президент сайлауына қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынған үшінші үміткер

Мұсағали Жұмабеков президент сайлауына қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынған үшінші үміткер, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - Мұсағали Жұмабеков президент сайлауына қатысу үшін өз кандидатурасын ұсынған үшінші үміткер, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, бүгін ел президенті лауазымына сайлауға қатысу үшін "Экологияның халықаралық академиясы" үкіметтік емес ұйымын басқаратын, Мұсағали Сәрсенбайұлы Жұмабеков өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің хабарламасында айтылады.

Сөйтіп, дәл қазір сайлау науқаны барысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне 3 үміткер ұсынылды.

ОСК хабарламасында айтылғандай, сенбі күні, 5 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес үміткерлерді ұсыну басталды.

Сол күні-ақ Сәлім Өтен ОСК-ға өз кандидатурасын ұсынатыны туралы мәлімдесе, бір күннен кейін Уәлихан Ибішұлы Қайсаров өз кандидатурасын ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны