05.05.2015, 18:53 3788

Н.Ибдібеков: "Ғ.Мұстафин елдімекенініӊ алғашқы кірпіші қаланды"

5 мамыр күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Ғ.Мұстафин атындағы елдімекенінде тасқын салдарынан жарамсыз болып қалған және апатты деп танылған үйлердіӊ орнына жаӊа үйлердіӊ құрылыс жұмыстары басталды

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - 5 мамыр күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Ғ.Мұстафин атындағы елдімекенінде тасқын салдарынан жарамсыз болып қалған және апатты деп танылған үйлердіӊ орнына жаӊа үйлердіӊ құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алғашқы кірпіш қалау рәсіміне облыс басшылығымен қоса, Бұқар жырау ауданыныӊ тұрғындары қатысты.

Облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев аймақ басшысына жаӊа үйлердіӊ макеттік үлгісін көрсетіп, құрылыс жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

- Тасқыннан қатты зардап шеккен елді мекенніӊ бірі Мұстафин ауылы. Жүздеген үйлер пайдалануға жарамсыз деп танылды. Қазір онда алғашқы үйлердіӊ құрылысы басталып та кетті. Ал тұруға жарамды болып есептелетін үйлер бұзылмайды. Олардыӊ қожайындарына т?уелсіз сараптама қорытындысы бойынша өтемақы төленеді. Атқарушы билік адамдардыӊ үйлерін техникалық тексеруден өткізу, үй салу ж?не шығынды өтеу сынды талаптарын т?улік бойы қабылдап жатыр,-деп аймақ басшысына есеп берді А.Дүйсебаев.

Өз кезегінде облыс әкімі алда бірсыпыра ауқымды жұмыстар күтіп отырғандығын тілге тиек етті. Себебі облыстағы апаттық жағдайда тұрған 349 үй бар болса, соныӊ 272 үйі осы Мұстафин атындағы елдімекенге тиесілі. Ал 198 үй құлатуға жатады.

Техникалық зерттеу жұмыстарын профилдік мекемелер жүргізуде. Атап айтқанда, "Стройтехнология", "Трансинжиниринг.krg" және "Гормонтажпроект" мекемелері тиісті жұмыстар атқарады.

Аудан әкімдігі тарапынан 101 техникалық төлқұжат берілді.

- Сондай-ақ үй құрылыс жобалаудыӊ 5 типтік жоспары әзірленді. Яғни, 40, 50, 60, 80 және 100 шаршы метрлік тұрғын үй деген мағынада айтып отырмын. Ирине, бұл шектелген жұмыстар емес. Сонымен қатар, 2, 3 және 5-бөлмелі пәтерлердіӊ де типтік жоспары бар. Кәсіби деӊгейде сызба жұмыстары да атқарылуда,-деді әкім БАҚ алдында сөйлеген сөзінде.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына тартылатын 40-қа жуық мердігер мекемелер анықталды. Изірше мердігерлер құрылыс науқанын өз қаражатына бастап, содан кейін бюджеттен ақша төленеді.

Ал қадағалау және бақылау жұмыстарын "Кристалстрой" ЖШС және "Укспроект-25006" ЖШС-і жүргізеді.

Дәл қазіргі уақытта Футбольная көшесіндегі үйлердіӊ құрылыс жұмыстары басталды.

Облыс әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны