11.07.2014, 20:25 2845

Н.Ибдібеков: Инвестжобалардың іске асырылуы болат өндірісін арттырды

Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Теміртауға жасаған жұмыс сапары барысында инвестициялық жобалардың іске асырылуы өңірдегі болат өндірісін арттыруға мүмкіндік бергенін айтты.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Теміртауға жасаған жұмыс сапары барысында инвестициялық жобалардың іске асырылуы өңірдегі болат өндірісін арттыруға мүмкіндік бергенін айтты.

Облыс әкімі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургия зауытының инвестициялық жобаларымен танысты.

Алғашқысы №3 демондық пеш. Құны 173 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бұл жалпы өнімді 16% ға арттырмақ. Жылына 1,7 млн тонна.

Жоба жетекшілері бұл бастама жұмысты жеңілдетіп, өнімнің саны мен сапасын арттырады деп сендірді облыс басшысын.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншісіне бұйырған екінші жоба № 2 газтазалау конверттік цехі. Құны 130 млн АҚШ долларын құрайды.

Облыс басшысы Нұрмұхамбет Ибдібеков бұл жобаларды жүзеге асыру Елбасымыздың болат өнімдерін жылына 6 млн тоннаға өсіру туралы тапсырмасын орындауға мүмкінік береді деп баса айтты.

Бүгінгі күні өңірдегі құны 500 млрд теңге болатын 80 жоба Индустриаландыру картасына еніп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны