12.06.2014, 21:44 2973

Н. Назарбаев: 10 елдің инвесторлары үшін визасыз тәртіп енгізіледі

Президенттің айтуынша, бұл тізімге АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАИ, Корея мен Жапония еніп отыр.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан 10 елдің инвесторлары үшін біржақты визасыз режім енгізді. Бұл туралы бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Инвесторлар үшін визасыз режімге тоқталсақ, бизнес-келісімдерді, халықаралық операцияларды кеңейту үшін визалық кедергілерді жою керек. Бүгін біз Қазақстанда жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 елдің азаматтары үшін біржақты визасыз режімнің енгізілетінін жариялаймыз", - деп хабарлады Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл тізімге АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАИ, Корея мен Жапония еніп отыр.

Айта кетейік, бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ индустрияландырудың екінші бесжылдығы шеңберінде инвестициялау және технологиялар трансферті мәселелері талқылануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны