18.04.2014, 19:52 6916

Н.Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы етіп жариялады

"Келер жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және біздің Конституцияның референдумда қабылданғанына 20 жыл толады. Бұл екі атаулы оқиға біздің біртұтастығымызды сақтап тұрған қос тарихи қадам. Ассамблея алғашқы екі жылдағы сессиясында 1995 жылғы Конституцияның қабылдануын қолдады", - дейді Елбасы.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы етіп жариялады.

"Келер жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және біздің Конституцияның референдумда қабылданғанына 20 жыл толады. Бұл екі атаулы оқиға біздің біртұтастығымызды сақтап тұрған қос тарихи қадам. Ассамблея алғашқы екі жылдағы сессиясында 1995 жылғы Конституцияның қабылдануын қолдады", - дейді Елбасы.

Н.Назарбаевтың акйтуынша, ҚХА өзгелерің алды болып алғаш рет халықты Конституция референдумына дауыс беруге шақырды.

"Сондықтанда келесі 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялауды ұсынамын. Сонымен қатар, жыл бойын барлық шараларды осы маңызды шараның белгісімен өткізген де жөн болар", - деп Елбасы атап өтті.

Осыған байланысты, ол Үкімет пен Ассамблеяға бірлесіп Ассамблея Жылы аясында және Конституцияның 20 жылдығына өткізетін шаралардың ұлттық жоспарын жасақтауды тапсырды.

Бұдан басқа, президент Астанада Қазақстан халқы форумын дайындап өткізуді ұсынды. Онда ҚР-ның достық пен келісімді нығайту бойынша көпжылдың еңбегі қорытындыланады.

Айта кетейік, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан - 2050" стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті" күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтуде.

Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың өкілдері қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны