22.12.2014, 10:34 3452

Н.Назарбаев: 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге Астанада да атсалысады

Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеӊіп алса, Астана қаласы да бұл әлемдік деӊгейдегі доданы өткізуге атсалысатын болады.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеӊіп алса, Астана қаласы да бұл әлемдік деӊгейдегі доданы өткізуге атсалысатын болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада республикалық жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазір Олимпиада комитеті екі қалада өткізуге келісім берді, яғни бізАстана қаласын да жұмылдырамыз", - деді Н.Назарбаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Олимпиада ойындарын өткізуге қатысты меніӊ де күмәнім болды. Осындай ауқымды Олимпиаданы өткізгіӊ-ақ келеді, "Қазақстан", "Алматы" деп айтылғанын қалайсыӊ. Бірақ, екінші жағынан халық "шығын көп, осы бізге керек пе?" деп ойлайды. Мен бұл туралы көп ойландым, пікірлестеріммен жұмыс істедім", - деп қосты Мемлекет басшысы.

"Ирине, шығындануға тура келеді. Бірақ осы қаражатқа салынғанныӊ бәрін 100 пайыз пайдаланатын боламыз", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны